Салман Фарсидің ынсаптылығы

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) әйгілі сахабасы Салман Фарси (родиял-лаһу ъанһу) Мадинаның әкімі болды. Оның жалақысы 5000 дирһам болатын. Жалақысын алған Салман (родиял-лаһу ъанһу) өзіне бір дирһамды алып қалып, қалғанын мұқтаждарға садақа етіп таратып жіберетін. Кейін алып қалған бір дирһамға құрма талдың жарықтарын сатып алып, одан ыдыс жасап, оның әрбірін 3 дирһамнан сататын. Сонан соң Салман (родиял-лаһу ъанһу) ыдысты саудасынан түскен ақшадан бір дирһам алып, оны садақа етіп, қалғанына үйіне қажетті нәрсесін алатын.

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға