Омардың (родиял-лаһу ъанһу) қарапайымдылығы

Бірде бір әйелдің мүшкіл ахуалынан хабар алған халифа Омар (родиял-лаһу ъанһу) әйелдің үйіне бір қап ұнды арқалап алып келеді. Кейін өз қолымен ас әзірлеп аш отырған отбасыны тамақтандырады.

Күндердің күнінде парсының патшасы Омарға (родиял-лаһу ъанһу) өз елшісін жібереді. Мадинаға келген елші адамдардан әміршінің сарайы жайында сұрайды. Сонда адамдар оған әміршінің сарайы жоқ екенін айтты. Мұны естіген елші аң-таң болды: «Қалайша? Омар (родиял-лаһу ъанһу) патша болса, оның сарайы болмағаны қалай?»

Сонда елшіге жәрдем беруін қалаған бір мұсылман елшіні өзіне ертті. Көшелердің бірінде жерде демалып жатқан Омарды (родиял-лаһу ъанһу) көрген мұсылман: «Міне мынау кісі біздің әміршіміз»-деді.

Алғашқыдан бетер таңданған парсы патшаның елшісі жерде ұйықтап жатқан, Византия мен парсы мемлекеттерін үрейлендірген Омарға (родиял-лаһу ъанһу) қарап: «Уа Омар! Сен әкім болып, үкіміңді әділ еттің. Иман келтіріп, амандықта болдың»-деген екен.

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға