Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Әйелдердің жақсысы!

Әйелдердің жақсысы!

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жақсы әйелді сипаттап былай деді: «Әйелдердiң жақсысы – көзiң түскенде қуандырып, бұйырғаныңа бойсұнғаны. Үйiңде болмағаныңда сенiң ар-намысың мен малыңды сақтағаны».

Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) «көзің түскенде қуандырып» дегені – әйел адам әуретін жауып, тек ері көруге болатын жерлерін бөгде адамдардан жасырғаны. Жалғыз болғанда ерінің ар-намысын қорғағаны осы болар. Керісінше, мұсылманшылық ұят-әдеп жоралғыларын белден басып өте беретін, отырғанда, тұрғанда, өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қыз-келіншекке жарасатын қымсыну, тартыну, имену деген ойына кіріп шықпайтын әйелзат өзіне ғана емес, ата-анасына, күйеуі мен бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады.

Мұсылман ғалымдары жақсы әйелге қатысты былай деген: «Жақсы әйел мүмин үшін өзінің екі көзі, екі қолы және екі аяғынан артық».

«Жақсы әйел ер үшін анасы, әпке-қарындасы, адал досты бола біледі».

Дана қазақ былай деген: «Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс».

«Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді».

Алла Тағала әйелдеріміз салихалы болуын нәсіп етіп, еркектеріміз сол салихалы әйелдерге лайық болуын жазсын! Әмин!

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014