Рибғидің (родиял-лаһу ъанһу) байсалдылығы

Мұсылмандар мен парсылар арасындағы соғыс кезінде парсылардың патшасы Рустам мұсылмандарға елшісін жібереді. Елші бейбітшілік келісім жасасу жайында айтуы тиіс еді. Сонда мұсылмандардың қолбасшысы, Сайфул-лаһ Сағд ибн Уаққас (родиял-лаһу ъанһу) өзінің өкілі ретінде Рибғи ибн Ғамирді (родиял-лаһу ъанһу) жібереді.

Рибғи (родиял-лаһу ъанһу) парсы патшасының сарайына ат үстінде кіреді. Парсылар үшін мұны астамшылық деп біліп Рибғидің (родиял-лаһу ъанһу) аттан түсуін талап етеді. Сонда Рибғи (родиял-лаһу ъанһу) байсалдылықпен: «Мен мұнда өз еркіммен келмедім. Шақырған өздерің. Егер менің келгеніме наразы болсаңдар, онда кері қайтайын». Сонда парсылар оның дегеніне амалдың жоғынан келіседі.

Кездесу барысында Рибғи (родиял-лаһу ъанһу) алдымен Рустам патшадан мұсылман болуын талап етіп, егер одан бас тартса онда парсылар мұсылмандарға жизйа (салық) төлейтінін айтады. Сөз соңында Рибғи (родиял-лаһу ъанһу) былай дейді: «Егер осы шартты қабыл етпесеңдер, онда жеңіске қол жеткізгенше сендермен шайқасамыз. Уа парсы патшасы! Хақ Тағала бізді адамзатты пұттарға табынудан құтқару мақсатында жасанды тәңірлердің құлшылығынан Ислам әділдігіне, пәни дүниенің тарлығынан Ақырет кеңшілігіне шығару үшін жіберді».

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға