Бiзге алдыңғы сирағынан басқаның бәрi бұйырған екен

 Нәбидiң (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) отбасы қой сойып етiн мұқтаждарға таратқаннан соң Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Еттен бiрдеңе қалды ма?»-деп сұрайды. Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа): «Алдыңғы сирағынан басқа ешнәрсе қалмады»-деп жауап бердi. Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Бiзге алдыңғы сирағынан басқаның бәрi бұйырған екен»-дейдi.

 Мұның мәнісі түсіну үшін мына хадиске назар салайық: Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм):«Араларыңда өзiнiң малынан гөрi мирасқордың малын артық көретiндерiң бар ма?»-деп сұрағанда сахабалар (родиял-лаһу ъанһум): «Уа Расулуллаһ! Ешбiрiмiз де мирасқор малын өз малынан артық көрмейдi»-деп жауап бердi.

- Сендер үшiн өз малдарың мирасқорларыңның малынан артық екенiн бiлiңдер. Тiрi кезiңде жақсылыққа жұмсағаның – өз малың. Ал жинап артыңда қалдырғаның – мирасқордың малы».

Тiрi кезiңде жақсылыққа жұмсағаның – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бұл сөзi үмметiне айтқан өсиетi. Адам баласы маңдай терiмен жинап iзгiлiкке жұмсаған байлықтың сауабын өзi иеленедi. Сараңдық етiп жұмсамағаны мирасқордың малы болып есептеледi. Мирасқор мұсылман болып оны шариғат бұйырған жолмен жұмсаса жақсы. Ал дiнсiз болып харамға жұмсаса қалай болады?

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға