Қағбаның жанында Ибраһимнің (ғаләйһис-саләм) ізі бар ма?

Қағбаның жанында «мақаму Ибраһим» деп аталатын орын бар. Мақаму Ибраһим – Қағбаның құрылысы барысында Ибраһим (ғаләйһис-саләм) үстінде тұрған тас. Оның ұлы Исмаил (ғаләйһис-саләм) сол тастың үстінде Қағбаның дуалына қаланатын тастарды қоятын еді.

«Әл-Бидая уән-ниһаяда» (1/163) сол тастың үстінде Ибраһим пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) ізі болғаны жайында және ол іздер араб жазирасына Ислам келген кезенге дейін сақталғаны жайында айтылған.

Имам Ибн Кәсир айтады: «Тастағы аяқ істері анық еді. Жәһилийа дәуірінде арабтар ол кімнің ізі екенін білетін. Мұсылмандарға да сол іздерді көру нәсіп болды. Мәселен, Әнас ибн Малик (родиял-лаһу ъанһу) былай деген: «Мен мақам Ибраһимді және ондағы іздерді көрдім». («Мухтасару тафсири Ибни Кәсир»)

Дегенмен, адамдар көп сұтау себебінен Ибраһим пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) ізі жоғалып кеткен.

Қазіргі уақытта Ибраһим пайғамбар (ғаләйһис-саләм) тұрған орынның белгісі ғана бар.

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға