Құрбандықтың хикметі (мәнісі)

Құрбандықтың хикметі (мәнісі)

Құрбандықтың мән-жайы төмендегіше:

1. Дінге деген құрмет. Құрбандық шалу – азан, намаз сияқты мұсылмандықтың бір рәмізі. Ал мұсылмандықтың рәмізін құметтеу – дінді құрметтегенге жатады. Ал бұл өз кезегінде – имандылықтың белгісі. Негізінде дінге деген құрмет пен имандылықтың өзара байланысы тығыз. Сондықтан бұл екі мәселені бір-бірінен бөлек қарастыру дұрыс емес;

2. Хақ Тағалаға жақындау, Жаратушы Иенің разылығына лайық болу;

3. Мұсылмандардың бабасы Ибраһим пайғамбардың ғ.с. сүннетін тірілту;

4. Мұқтаж, кедейлердің көңілін аулау;

5. Бізге жануарларды бағындырып қойған Алла Тағалаға шүкіршілік ету. Хақ Тағала айтады: «Құрбандықты өздерің жеңдер әрі мұқтажға және мұқтаж емеске де жегізіңдер. Осылайша малды еріктеріңе бойсұндырып қойдық. Шүкір еткен боларсыңдар». («Хәж», 36 аят)

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға