Құрбандыққа шалынатын мал қандай болуы тиіс?

Құрбандыққа шалынатын мал қандай болуы тиіс?

Құрбандықмаңызды ғибадат түріне жататындықтан малдың дене мүшелерінің түгел болуына және дені сай болуына ерекше мән беріледі. Мазһабымызға қатысты шариғат үкімдерін баян ететін «Һидая», «Мухтасарүл-Қудури», «Әл-Лүбабу фишшархил-Китаб» кітаптарына сәйкес бойында төмендегідей нұқсаны болған мал құрбандыққа жарамайды:

1.      Екі немесе бір көзі соқыр;

2.      Өте арық;

3.      Сойылатын жерге жүріп бара алмайтын дәрежеде арық немесе ақсақ;

4.      Құлағы, құйрығы немесе басқа мүшесінің үштен бір бөлігінен көбі жоқ мал;[1]

5.      Желіні кесілген (қой мен ешкіде бір, сиырда екі желіні кесілген болса);

6.      Дәрі әсерімен желіні тартылған;[2]

7.      Нәжіс азықпен қоректеніп, көп уақыттан бері таза нәрсемен бағылмаған;

8.      Мұрны кесілген;

9.      Тісі жоқ;

10.Ауру мал.

Мүйізсіз, мүйізі сынған және ақталанған мал құрбандыққа жарайды.

Желіні тартылған кәрі мал мен емізулі төлі бар малды құрбан ету – мәкрүһ.[3]



[1] мысалы, кесілген болса. Егер жартысынан көбі бар болса құрбандыққа жарайды.

[2] яғни, сүт шықпаса.

[3] мәкрүһ – жек көрінішті амал..

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға