Еркек отбасы үшін жауапкер!

Еркек отбасы үшін жауапкер!

Алла Тағала «Таха» сүресінің 132-ші аятында: «Отбасыңа намаз оқуды бұйырып, өзің де намаз оқуда табанды бол!»,-деген.

Абдулла ибн Масғуд (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Отбасынан бір ілімді жасырған адам Қияметте отттан болған арқанмен арқандалады»,-деген. (Тирмизи)

Әли (родиял-лаһу ғанһу) Алла Тағаланың жоғарыдағы сөзін: «Отбасыңа жақсы тәлім бер»,-деп тафсирлеген. (Хаким)

Абдулла ибн Омар (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Әйелдерің рұқсат сұраса, оларды мешітке барудан тыймаңдар»,-деген. (Муслим)

Малик ибн Хуайрис (родиял-лаһу ғанһу) олар бір топ адам болып Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жанында жиырма күн болғаны жайында айтты. Бір күні Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм), отбасыларын сағынған болар деген оймен, олардан бала-шағалары жайында сұрап: «Бала-шағаларыңа қайтыңдар! Оларға тәлім беріп, жақсылыққа баулаңдар. Намаз уақыты болса, араларыңнан біреу азан айтып, үлкендеріңіз намазда имам болсын»,-деп бұйырды. (Муслим)

Екі дүниедеде отбасы үшін ең алдымен еркек сұралады. Еркектің пәнидегі жауапкершілігі Ақыретте жалғасын табады. Еркектер осыны ұмытпасын!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға