Жәннатқа лайық болмағаным ба?

Жәннатқа лайық болмағаным ба?

Алла Тағала: «Намаз оқы!»,-десе, пенде: «Уақытым жоқ»,-дейді.

Хақ Тағала: «Ораза ұста»,-десе, пенде: «Әлсіреп қаламын»,-дейді.

Алла Тағала: «Құмар ойнама!»,-десе, пенде: «Осы жолы ұтармын»,-дейді.

Хақ Тағала: «Зекет, садақа бер!»,-десе, пенде: «Малым кеміп қалады»,-дейді.

Алла Тағала: «Қажылықа бар!»,-десе, пенде: «Алдымен шетелді саяхаттайын»,-дейді.

Хақ Тағала: «Қалған асты төкпе!»,-десе, пенде: «Артық істеп қойыптым»,-дейді.

Алла Тағала: «Ойнастыққа барма!»,-десе, пенде: «Күнә болсада, бір рет ләззаттанайын»,-дейді.

Хақ Тағала: «Ашқарақ болма!»,-десе, пенде: «Қарыным ашып қалады»,-дейді.

Алла Тағала: «Тіліңе ие бол!»,-десе, пенде: «Айтпасам, ішімді тесіп бара жатыр»,-дейді.

Хақ Тағала: «Көзіңді тый»,-десе, пенде: «Көрмесем болмайды»,-дейді.

Қяиметте Алла Тағала: «Тозаққа кір!»,-дегенде, пенде: «Сонда мен жәннатқа лайық болмағаным ба?»,-дейді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға