Мұсылманға ғайбаттаған жараспас!

Мұсылманға ғайбаттаған жараспас!

Алла Тағала «Хужүрат» сүресінің 12-ші аятында былай деген: «Уа, мүминдер! Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине, жек көресіңдер».

Имам Ахмад (рохматуллаһи ғаләйһи) Әбу Сағид Әл-Худриден (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте, Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Миғрәж түнінде жәннат пен тозақ көрсетілгені жайында айтылған. Сонда тозақта еттері жалынды қайшымен кесіліп жатқан адамдарды көрген Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Жәбрәилден (ғаләйһис-саләм): «Бұл адамдар кім?»,-деп сұрағанда, Жәрбәил (ғаләйһис-саләм): «Бұл – сеннің үмметіңнің ішіндегі ғайбаттаушылар»,-деп жауап береді.

Осы аятта айтылғанға қатысты Қатада (родиял-лаһу ғанһу) былай деген: «Сендер өлген бауырының етін жеуге тыйым салынғандай, тірі бауырының етін жеуіне тыйм салынған».

Алла Тағала ғайбатшы болудан сақтасын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға