Бөдененің құнды үш насихаты!

Бөдененің құнды үш насихаты!

Бір күні аңшы торына бір бөдене түсіп қалады.

Аңшы келгенде тордағы бөдене: «Мені босатып жіберсең, мен саған үш құнды ақыл айтамын»,-дейді.

- Ол не ақыл?

- Өте құнды ақыл. Ақылымды тыңдасаң, өкінбейсің.

Бөдененің осы дегені аңшының қызықтырады.

- Мейлі. Айт ақылыңды! Тыңдап көрейін.

Сонда бөдене: «Бірақ менің бір шартым бар. Бірінші ақылымды – сенің қолыңда, екншісін – анау талдың жанында, үшіншісін – анау төбенің басында тұрып айтамын»,-дейді.

Аңшы ойланып, келіседі.

Сонда аңшының қолындағы бөдене бірінші ақылын айтады: «Егер ерекше қадірлеген нәрсеңді жоғалтып қойсаң, өкінбе!»

Бөдененің бұл ақылына қанағат еткен аңшы бөденені жібереді.

Сонда талдың жанында тұрып бөдене: «Ақылса сыйымсыз сөзге ешқашан сенбе!»,-дейді.

Осыдан соң бөдене төбенің басына барып: «Ей, адам! Мен құмалақтай екі інжу-маржанды жұтып қойған едім. Мені жібермесең, соны иеленер едің»,-деді.

Бұны естіген аңшы күйініп басын шайқап қалады.

- Маған ең болмағанда үшінші ақылыңды айтсаңшы.

- Неткен ақымақ едің! Бірінші және екінші ақылыма мән берместен, үшінші насихатымды сұрайсың. Мен саған жоғалтқаныңа өкінбе және қисынсыз сөзге сенбе дедім. Ал сен менен айырылып қалғаныңа өкініп, жалған сөзіме сеніп жатсың. Ойлансаңшы! Қалайша кішкентай ғана бөдене екі құмалақтай інжу-маржанды жұтуы мүмкін?!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға