Бір минуттың берекеті!

Бір минуттың берекеті!

Бір минутта қанша сауапқа қол жеткізсе болады?

Бір минутта:

- «Фатиха» сүресін кемінде 3 рет оқыса болады. «Фатиха» сүресі 7 аят, 29 сөз, 139 әріптен тұрады. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Құранның әрбір әрпі үшін 10 сауап болатыны жайында айтқа. 139-ды 10-ға көбейтсек, 1390 сауап болады екен. 1390-ды 3-ке көбейтсек, 4170 сауап.

- «Ықылас» сүресін шамамен 20 рет оқыса болады. Ал Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) «Ықылас» сүресін 3 рет оқыған адам Құранды хатым еткеннің, яғни Құранды бастан-аяқ оқығанның сауабын алады деген. Егер күнделікті «Ықылас» сүресін бір минут бойы оқитын болсақ, онда күніге Құранды кемінде 8 рет хатым еткеннің аласыз. Енді осыны 30 күнге (бір айға), ал осының қортындысын 12 айға (бір жылға) көбейтсек, бір жылда Құранды шамамен 3000 рет хатым еткеннің сауабына қол жеткізеді екенбіз.

- Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) «субханал-лаһи, уәл-хамду лилләһи, уа лә иләһа илләл-лаһу, уал-лаһу әкбар» сөзі бүкіл дүниеден қайырлы деген. Ал бұл сөзді 1 минутта шамамен 18 рет айтса болады екен. Сонда бір минутта осы сөзді 18 рет айтсаңыз, 18 рет дүниеден абзал дәулетке қол жеткізген боламыз! Керемет емес пе?!

- Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Алла Тағала истиғфарды көп айтқан пендесі үшін қиыншылықтан шығатын жолды пайда етіп, оны күтпеген жерден ризықтандырып қоятыны жайында айтқан. Ал бір минутта кемінде 100 рет истиғфар айтса болады.

Ал енді бір минут уақытымыз аз ба, көп пе, мәнісіне өзіңіз бара береңіз!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға