Ішіңе бір ауыз сөз симағаны ма?!

Хасан Басри (һижри 21-110 ж.) – өзінің тақуалығымен әйгілі болған табиғин, ғалым, мухаддис.
Біреу Хасан Басриге (рохматуллаһи ғаләйһи) келіп: «Пәленше сен жайында жаман сөз айтты»,-деді.
- Қашан?
- Бүгін.
- Қайда?
- Үйінде.
- Сен оның үйінде не істеп жүрсің?
- Қонаққа барған едім.
- Онда не жедің?
Әлгі адам сегіз түрлі тағамның атын айтып тізіп берді. Сонда Хасан Басри (рохматуллаһи ғаләйһи) былай деді: «Ей, пәленше! Ішіңе сегіз түрлі тағам сыйып, бір сөз сыймай қалды ма? Тұр, кет бұл жерден! Сенің ол жайында дегеніңе сенбеймін. Құдай ақы! Нәсіп болса оған шапағат етіп, жәннатқа бірге кіреміз!» («Раудатул-ғуләма уа нузһатул-фудалә»)