Ананың қызына өсиеті!

Ананың қызына өсиеті!

Қызым! Жастың шақта, денсаулығын барда көп сәжде етіп қал! Кейін сондай уақыт келеді, бір мәрте сәжде етуге шамаң келмей қалады. Оған қарттығың, дертің т.б. кедергі болып қалады. Айтқаныма сен!

Қазір, міне, мен қартайдым, қауһарым кетті. Тізем бүгілмейді, бел иілмейді, еңкейсем басым айналады. Әтең-ай! Мүмкіндік болып тұрғанда көбірек намаз оқысамшы!

Мен де ана болдым, құрсақ көтердім, бала өсірдім, үй шаруасымен айналыстым. Мені: «Уақытым жоқ! Бес уақыт намаз оқысам болды. Нәпіл намазды кейін оқып үлгіремін»,-деген ой алдады. Болмаса, тіршіліктің берекеті намазда емес пе?! Намаз – жан мен тәннің ләззаты емес пе?!

Қызым! Алла Тағалаға бір рет сәжде етудің қадірін түсіне біл! Әтең, адам баласы қолында барын одан айырылған кезде қадірлейтін әдеті бар. Әттең, мен де сол бір сәжденің қадірін басыңды сәждеге қоя алмай қалғанда білдім.

Қызым! Намазың көп, сәждең мол болсын! Тіршілік берекеті мен өмір бақыты – намазда!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға