Үйге кіру әдебі

Үйге кіру әдебі

Алла Тағала айтады: «Уа, мүминдер! Біреудің үйіне рұқсат сұрамайынша және үй иелеріне сәлем бермейінше кірмеңдер. Түсінсеңдер, бұл сендер үшін қайырлы». («Нұр», 27 аят)

«Үйлеріңе кірсеңдер өздеріңе Алла Тағаладан берекелі тіршілікті тілеп сәлем беріңдер». («Нұр», 61 аят)

«Кім Алла Тағаланың талаптарын орындаса, әлбетте, бұл жүректің тақуалығы себебінен». («Хәж», 32 аят)

Мұсылман адам үйге оң аяқпен басып кіреді. Үйден шықсада, оң аяғымен шығады.

Өз үйіне, не болмаса біреудің үйіне кірсе: «Ассаләму аләйкум»,-деп сәлем беріп кіреді. «Ассаләму аләйкум» деген сөз «сендерге Алла Тағаланың сәлемі, амандығы болсын» деген сөз. Сондықтан құр әншейін «сәлем», «привет» дегендер өзінен де, өзгеден де Алла Тағаланың жақсылығын қызғанған болады.

Біреудің үйіне рұқсатсыз кірмейді, әрі кірген жағдайда жан-жаққа көз жүрітіп үй ішін зерттемейді.

Біреудің үйіне барғанда төрге ұмтылмай, үй иесі ұсынған орынға отырады. Барған жеріңде төрге шұқшия қарасаңда, қарамасаңда, үй иесі төрге отыруды ұсынады. Сондықтан тәрбие көрген адам сөз, ишара, әрекетімен: «Менің орыным – төр»,-деп әдепсіздікке жол бермейді.

Осының барлығы – сүннет, мұсылмандық әдеп. Ал мұсылманның осы сүннетті ұстануы аятта айтылғандай «жүректің тақуалығы себебінен».

Алла Тағала баршамызға сүннетке ерісуды нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға