Бір-біріңді ғайбаттамаңдар!

Бір-біріңді ғайбаттамаңдар!

Алла Тағала «Хужүрат» сүресінің 12-ші аятында: «Бір-біріңді ғайбаттамаңдар!»,-десе, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Миғрәж түнінде көргенін айтып былай деді: «Мен көккке көтерілгенімде мыс тырнақтары бар біреулер өз беттері мен кеуделерін тырнап жатқанын көрдім. Мен: «Уа, Жәрбәил! Бұлар кім?»,-деп сұрағанымда ол: «Бұлар – адам етін жеп, өзгелердің ақысына қол сұққандар»,-деп жауап берді». (Әбу Дауд)

Ғайбат (өсектеу, жамандау) – ауыр күнә, әрі бүгінгі күннің қатерлі бір сынағы.

Жүрегін жаман оймен, тілін ғайбатпен ластаған адам өлген туысының етін жеген болады. Бұл мәселеге қатысты Алла Тағала сол «Хужүрат» сүресінің 12-ші аятында: «Біреулерің өлген туысының етін жегенді жақсы көре ме? Әрине, жек көреді»,-деген.

Е-е-е, бірақ пенде пендешілігін қойсын ба? Сүйексіз тіл сайрамай тұрсын ба?! Біреу өзгені біреуге жағымпазданып, біреу атақ, мансап дүние қуып, біреу біліп, тағы біреу білместікпен жамандап жататын жағдай болып жатады. Қандай болғандада жақсы емес! Осындай жағдайда пенде не істеу керек? Хасан Басри (рохматуллаһи ғаләйһи): «Ғайбаттың кәффараты (өтемі) – біреуге тіл тигізген болсаң, ол үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау»,-деген. Сонымен қатар ғалымдардың былай дегені бар: «Біреуді ғайбаттаған адам, сол өзі жамандаған адамға соған сай жақсылық істеуі тиіс!»

Алла Тағала ғайбатшылардың қатарында болудан сақтасын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға