Жеті нәрсе!

Біреу жеті нәрсені білу үшін бір данаға 700 шақырым ерген екен. Сондағы білейін дегені:
1. Аспаннан ауыр;
2. Пышақтан өткір;
3. Тастан қатты;
4. Оттан ыстық;
5. Қыстың ызғарынан суық;
6. Мұхиттен кең не бар?
7. Жетімнен қор кім бар?
700 шақырым өткеннен кейін дана сұрағына жауап беріп былай деген екен:
1. Аспаннан ауыр – пәк адамға жала жабу;
2. Пышақтан өткір – ақиқат;
3. Тастан қатты – кәпірдің жұрегі;
4. Оттан ыстық – Отан;
5. Қыстың ызғарынан суық – біреудің қастығы;
6. Мұхиттен кең – жомарттың пейілі;
7. Жетімнен қор – арада өсек тасушы.