Әтеш шақырса, есек ақырса...

Әтеш шақырса, есек ақырса...

Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Әтеш шақырғанын естiсеңдер, Алла Тағаланың кеңшiлiгiн тiлеңдер! Себебi ол перiштенi көрсе шақырады. Есектiң ақырғанын естiсеңдер, Алла Тағаладан шайтанның азғыруынан пана тiлеңдер! Себебi ол шайтанды көргенде ақырады». (Муслим)

Демек, әтеш періштені көрсе шақырып, есек шайтанды көрсе ақырады екен.

Әтеш шақырғанда дұға қабыл. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) әтеш шақырғанда Хақ Тағаланың кеңшілігін тілеу жайында айтудың мәнісі осы!

Шайтан ақырса, мұсылман: «Ағузу билләһи минәш-шайтонир-рожим»,-деп Алла Тағаладан оның азғыруынан пана тілейді. Сонда, Хақ Тағаланың қалауымен, шайтан адамнан аулақ жүреді.

Осы айтылған барлығы әдеп. Бірақ жай әдеп емес, мұсылмандық әдеп!

Алла Тағала баршамызға мұсылмандық әдепке сай тіршілік етуімізді жазсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға