Дүниеден өткен ата-анаға жақсылық істеу жолдары!

Дүниеден өткен ата-анаға жақсылық істеу жолдары!

1. Ата-ананың туыс-жақындарымен қатынаста болу.

2. Ата-ананың достарын құрметтеу.

3. Ата-ананың атынан садақа беру.

4. Ата-анаға нәпіл намаз-оразаның сауабын бағыштау.

5. Құран оқып, соның сауабын ата-анаға бағыштау.

6. Ата-ананың атынан қажылық пен умраны орындау.

7. Ата-ананың қарызын өтеу.

8. Адамдарға барынша көп жақсылық істеу. Себебі бұл істе сол жақсылықты үйреткен ата-ананың тиесілі үлесі бар.

9. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Адам баласы өлсе оның үш нәрседен басқа амалдары тоқтайды: жария садақа (ел игiлiгiне мешiт, жол, мектеп салу), көпке пайдасы тиетiн бiлiм, артынан дұға қылатын игi ұрпақ»,-деген. (Муслим)

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) осы айтылғанынан сай ата-ана үшін көп дұға ету.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға