Жақсылық істей бер!

Қолдан келген жақсылықты істеуде аянба! Өзгелер оны білмей қалады, қадіріне жетпей қалады деп уайымдама! Алла Тағала барлық нәрсені көруші, әрі білуші. Біреулер жақсылығыңның қадіріне жетпесе, Алла Тағала оның есесін басқалардан қайтарады. Пәниде есепсіз дүние жоқ!

Толығырақ ...

Дүниенің ғажабы!

Бүгін инфаркттан өліп жатқандар көп. Инфаркттың өзге себептерінің ішінде көңілдің жаралануы бастапқы орында тұр десек қателескен болмаймыз.

Дүние ғажап! Біреу біреуге пышақ салса, қамаймыз. Бірақ біреу біреудің жүрегін жаралап, пышақсыз бауыздап жатса, үндемейміз. Ауыр сөз жүрекке салынған қанжар емес пе?!

Толығырақ ...

Еркек отбасы үшін жауапкер!

Алла Тағала «Таха» сүресінің 132-ші аятында: «Отбасыңа намаз оқуды бұйырып, өзің де намаз оқуда табанды бол!»,-деген.

Абдулла ибн Масғуд (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Отбасынан бір ілімді жасырған адам Қияметте отттан болған арқанмен арқандалады»,-деген. (Тирмизи)

Әли (родиял-лаһу ғанһу) Алла Тағаланың жоғарыдағы сөзін: «Отбасыңа жақсы тәлім бер»,-деп тафсирлеген. (Хаким)

Абдулла ибн Омар (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Әйелдерің рұқсат сұраса, оларды мешітке барудан тыймаңдар»,-деген. (Муслим)

Малик ибн Хуайрис (родиял-лаһу ғанһу) олар бір топ адам болып Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жанында жиырма күн болғаны жайында айтты. Бір күні Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм), отбасыларын сағынған болар деген оймен, олардан бала-шағалары жайында сұрап: «Бала-шағаларыңа қайтыңдар! Оларға тәлім беріп, жақсылыққа баулаңдар. Намаз уақыты болса, араларыңнан біреу азан айтып, үлкендеріңіз намазда имам болсын»,-деп бұйырды. (Муслим)

Екі дүниедеде отбасы үшін ең алдымен еркек сұралады. Еркектің пәнидегі жауапкершілігі Ақыретте жалғасын табады. Еркектер осыны ұмытпасын!

Толығырақ ...

Ең жақсы амал!

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сабырлықты ең абзал амалға жатқызды.

Сабырлық пендені арамнан сақтап, адалға бағыттайды, қиыншылықты жеңуге көмектеседі.

Сабырлықтың шырын дәмін сезінгендер аз. Сол аз ғана адамға сабырлықтың қайырлы нәтижесіне қол жеткізу нәсіп!

Толығырақ ...

Алла Тағаланың жомарттығы!

Алла Тағала алдымен саған мол дәулет береді. Содан соң көңіліңе садақа беру ниетін салады. Кейін сол садақаға мұқтаж біреуді кездестіруді нәсіп етеді. Содан соң оған садақа беруді жазады. Кейін садақаңды қабыл етіп, берген садақаңның берекесін нәсіп етеді.

Тағдырымызға сауапты амалды істеуді жазып, соған қосымша сауабы мен берекетін нәсіп еткен Алла Тағаланың жомарттығы шексіз!

Толығырақ ...