Оразадағы пенденің дұғасы

Имам Әл-Хаким айтады: «Әрбір пенденің дұғасы жүрегінің (яғни, имандылығының) қуаттылығына сай. Бір дұға күннің сәулесіндей жарқыраса, бір дұға Айға ұқсайды. Ал кейбір дұға жұлдыз тәрізді болады». («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

Ауыз бекіткен адамның дұғасы қабыл болуына қатысты хадистер баршылық. Кейбір хадисте дұға ауыз ашатын уақытында қабыл болады делінген. Алайда бұл мезгілде біздің бар ойымыз тамақта болу себебінен дұға ету былай тұрсын, біз тіпті ауыз ашқан сәтте оқылатын дұғаны айтуды ұмытып кететін кездер болады.

Толығырақ ...

Иғтикәфтің екі ерекше пайдасы

Біріншіден: иғтикәфтің себебінен пенде күнәдан сақтанады. Рамазан тәрізді Алла Тағаланың нұры жауған уақытта күнә істеу – үлкен қылмыс. Ал иғтикәфтің себебінен адам мұндай келеңсіздіктен аман болады.

Екіншіден: иғтикәфта болу себебінен адам жаназаға қатысу, науқасты зиярат етіп, оның қал-жағдайын сұрау т.с.с. амалдарды істей алмайды. Осы бептен иғтикәфшы істей алмаған амалдың сауабын оны істемей-ақ табады. Мезгілі жеткен сәтте Алла Тағаланың рахметі аз ғана дұғаның себебінен нөсерлеп жауады.

Толығырақ ...

Иғтикәфтің бастапқы мақсаты

Иғтикәфтің бастапқы мақсаты – Қадір түнін іздеу. Ақиқатында Қадір түнін күтуде иғтикәф ету өте қолайлы. Себебі иғтикәфта адам тіпті ұйықтағанның өзінде құлшылық еткен болады. Содан соң иғтикәфта болған адам мешіттен тыс бір жерге бармайды және дүние ісімен айналыспайды. Осы себептен оның құлшылық етіп, Хақ Тағаланы еске алудан басқа ісі болмайды. Сондықтан да Қадір түнін іздегендер үшін иғтикәфтан қолайлы іс жоқ.

Толығырақ ...

Жәннат ішіндегі жәннат

Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Жәннатта «Раййан» атты қақпа бар. Қиямет күні ол қақпадан ораза ұстағандардан өзге ешкiм кiрмейдi. Қиямет күнi: «Ораза ұстағандар қайда?»,-деп жар салынады. Сонда ораза ұстағандар тұрып сол қақпадан кiредi. Олар кiрiп болған соң қақпа жабылып, одан басқа ешкiм кiрмейдi». (Бухари)

«Раййан» сөзі «раййюн» сөзінен туындаған. «Раййюн» сөзінің түп негізгі мағынасы: суару, сусындату, шөлді басу. («Сахихүл-Бухари»)

Имам Әл-Манауи айтады: «Ораза ұстағандар жәннаттың ортасына жетерден бұрын ол есіктен мөлдір сусынмен шөлдерін қандырады». («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

Толығырақ ...

Рамазанның соңғы он күндігі келіп қалды

Құдай қаласа, қасиетті Рамазанның соңғы он күндігі келіп қалды. Ертеңнен бастап Рамазанның үшінші бөлігі басталады. Белді бекем бауып, білек сыбанып қасиетті оразаның соңғы бөлігін мәнді де, сәнді өткізуге дайын болайық, мұсылман қауым!

Толығырақ ...

Рамазан – дұға айы!

Рамазанда көп дұға ет! Себебі Рамазан – дұға айы әрі дұға-тілектер қабыл болатын ай.

Хақ Тағалаға тәулік бойы, әсіресе намаз және ауызашар уақытында көп мінәжат ет! Өйткені бұл – дұға-тілектің қабыл болатын уақыты.

Толығырақ ...