Адамның табиғаты!

Адамдар қасқырды мақтап, жақсы көреді, бірақ ол адам үшін қауіп тудыратын жыртқыш.

Есекті жақсы көрмейді, бірақ ол адамдарға қызмет етеді.

Міне, адамның табиғаты осындай! Ол өзіне қажетті нәрсені пайдаланып тұрып, оны жаратпайды, әрі жамандайды. Бірақ өзіне зиянды, әрі қатерлі нәрсені мақтап, жақсы көреді.

Сен өзіңді қадірлеген адамды қадірлей біл! Бүгінгі күні ондай адамдар аз!

Толығырақ ...

Періштені бездірген пенде!

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Пенде жалған сөйлесе, періштелер оның аузынан шыққан шірігеннің иістен көз жетерлік қашықтыққа қашады». (Тирмизи)

Пенде өз қылығымен оны түрлі бәле, апаттан қорғау үшін жіберілген періштелерді өзінен бездіріп жатады. Жалған айтудың нәтижесі неткен өкініш десеңші!

Толығырақ ...

Пәниге алданбайық!

Жәннат – хақ! Тозақ – хақ! Екеуі де мәңгі! Сондықтан пәниде өмір сүре беремін деме, мәңгілік өлімнен кейін болады. Артық байлыққа қызықпа! Сенің байлығың – адал кәсіп істеп тапқаның. Бұл дүниеде біреу ақылды, біреу дәулетті. Ақыретте ақылды ақылынан, бай байлығынан сұралады. Байлығы көп болғанның сұрағы да көп болады.

Көкте құстар ұшып жүреді,

Айтшы, кім мәңгі сүреді?

Пәни өмір бір кезде бітеді,

Әрбір пенде бір кезде өледі.

Пәни – сурет, сол суретке алданбайық! Ақырет мәңгі! Қайырлы мәңгілікке ұмтылайық!

Толығырақ ...

Өткенші дүние!

Пенде жақсыда, жаманда іс істейді. Қателеспейтін пенде жоқ. Дүние өтеді, кетеді.

Әрбіріміздің жаназамыз оқылғанда: «Бұл қандай адам еді?»,-деген сұрақ қойылады. Сонда адамдар: «Жақсы адам еді»,-дейді. Бірақ күндер өте бізді таныған, біздің жаман ісімізге күә болғандар: «Жаман адам еді»,-деп айтуы әбден мүмкін! Жақсы ісімізге күә болғандар: «Алла Тағала оны рахмет етсін!»,-дейді. Сол сәтте біз қабырда жалғыз жатамыз. Сонай Қияметке дейін... Жылдап, бәлкім мың жыл бойы... Содан соң атақ-мансап, байлығың пайда бермейтін Қиямет күні сұрақ-жауап болады.

Бүгін жақсы амал істеу мүмкіндігі бар, сұрақ-жауап жоқ. Ертең сұрақ-жауап болып, игі амал істеу мүмкіндігі болмайды.

Алла Тағала игі амал істеу мүмкіндігінен мақұрым етпесін! Әмин!

Толығырақ ...

Періштенің таңғы дұғасы!

Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Әр күнi пенделер ұйқысынан оянған уақытта аспаннан екi перiште түсiп, оның бiрi: «Уа, Тәңірiм! Жақсылыққа жұмсаушының жұмсағанын есесiмен қайтар»,-десе, екiншiсi: «Уа, Тәңірiм! Сараңды шығынға ұшырат»,-деп тiлейдi». (Бухари)

Алла Тағала баршамызға жақслыққа жұмсаушылардың қатарында болуды нәсіп етсін! Әмин!

Толығырақ ...