Ораза тарихы

Имам Әбу Дауд (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаят еткен хадисте Муғаз ибн Жабәл (родиял-лаһу ғанһу) оразаның парыз болудың үш кезеңі жайында айтқан: Муғаз ибн Жабәл (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Әуелде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) әр айда үш күн ауыз бекітетін және ашура күні ораза ұстайтын. Алла Тағала мына аятты түсірді: «Уа, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей санаулы күнде ораза ұстау парыз қылынды, мүмкін күнә істеуден сақсынарсыңдар! Ал сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтер және шамасы келетіндер, бірақ қарттың не болмаса емделмейтін ауру себебінен ораза ұстамағандар бір міскіннің тамағын төлесін».[1] Бұл аяттар түсірілгеннен соң қалаған адам ауыз бекітетін, қалағаны ораза ұстамастан ұстамаған әр күннің есесіне бір міскінді тамақтандыратын. Бұл оразаның бір кезеңі. Кейін Хақ Тағала мына аятты түсірді: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы, ақ пен қараны айырушы ретiнде Құран түсiрiлген ай. Сендерден Рамазан айына жеткендер ораза ұстасын, ал ауру немесе жолаушы болғандар оразаны басқа күндерде өтесін».[2] Осыдан соң Рамазан айына жеткен адамға ораза парыз болды, сапардағы адам оразаны қаза етуіне және ауыз бекітуге шамасы келмейтін қарттарға ораза ұстамауға рұқсат етілді».[3]

Түсініктеме: имам Ахмад (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаят еткен хадисте де Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мәдинаға һижрат еткенде он жеті ай бойы, рабиғ әл-аууәл айынан Рамазан айына дейінгі аралықта әр айда үш күн ауыз бекітіп және ашура оразасын ұстағаны жайында айтылған.[4] Кейін алдымен «Бақара» сүресінің 183-184-аяттары, кейін 185-аяты түскеннен соң ораза муқим және денсаулығы бар адамға парыз болып, науқас және сапардағы адамға кейін қазасын өтеуге рұқсат етілді. Сонымен қатар ораза ұстай алмайтын қарттарға оразаның өтемі ретінде мұқтаждарды тамақтандыруға рұқсат етілді.

Хақ Тағала оразаны осылай рет-ретімен парыз етуінде ғибрат бар. Намаз да осылай үш кезеңмен парыз болған. Мас ететін ішімдікке де осылай рет-ретімен тыйым салынған. Осының барлығы Жаратушы Иенің пенделеріне деген рахметі мен ілтипатының белгісі.

Қортындылар болсақ ораза парыз болудың үш кезеңі болды:

1. Бастапқыда мұсылмандар әр айдың үш күнінде және ашура күні ораза ұстады;

2. Кейін ораза ұстауға және ұстамауға ерік берілді. Бірақ ораза ұстамағандарға міскінді тамақтандыру міндеттелінді;

3. Соңында ауыз бекітуге шамасы жететіндерге ораза парыз болып, қарт, науқас, жолаушы сияқты ораза ұстау машақатты болған адамдарға ораза ұстамауға, кейін ұстамаған оразаның қазасын өтеуге немесе өтемін беруге рұқсат етілді.



[1]«Бақара», 183-184 аят.

[2]«Бақара», 185 аят.

[3]‏سُنَنُ أبي دَاوُد، 28ت/28 م باب كيف الأذان؟، الحديث رقم 507

[4]«Муснадүл-имами Ахмад»

Толығырақ ...

Иман деген не?

عن أبي أمامة رضي الله عنه أَنَّ رسول الله صلى الله عليه وسلم سَأَلَهُ رَجُلٌ فقال: مَا الإِيمَانُ؟ قال: إِذَا سَرَّتْكَ حَسَنَتُكَ وَسَاءَتْكَ سَيِّئَتُكَ فَأَنْتَ مُؤْمِنٌ

Әбу Умама (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Біреу Нәбиден (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Иман деген не?»,-деп сұрағанда, Ол: «Егер жақсылығың сені қуандырып, жамандығың қамықтырса, онда мүмин болғаның»,-деп жауап берді».

Хадистi Әбу Умамадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Әл-Хаким риуаят еттi.[1]

Қуану – жүректің ләззаттануы. Ал пенде шариғат талабына сай жақсылық істесе қуануы, ал жамандық істесе өкінуі – иман ақиқаты.[2] Сондықтан имандылығы деңгейін білуін қалаған пенде амалы мен жүрегіне қарасын. Егер шариғатқа сай жақсы амал істегені оны қуантса, ол иманды болғаны, ал егер күнәлі іс қуантса, демек иманында ақау болғаны.

Неге мүмин пенде жақсылық істегеніне қауанады? Себебі, оның көздегені Хақ Тағаланың рахметі мен сауабы, ол оған қол жеткізудің бірден-бір жолы – игі амал істеу. Сондықтан игі амал істеген шағында мүмин Алла Тағаланың рахметі мен сауабына қол жеткізгеніне қуанады.

Неге мүминді жаман қылығы қамықтырады? Өйткені оның көздегені – Хақ Тағаланың разылығына лайық болу. Ал жаман қылық Алла Тағаланың разылығы мен пенденің арасындағы бөгет. Күнә істеген иманды пенде жаман қылығы үшін өкінудің мәнісі осы.

Пенденің мұсылман екенінің бастапқы белгісі – жүрегіндегі иманы. Ал жақсы амалына қуану мен жаман қылығына қамығу – имандылық деңгейінің белгісі.



[1]‏تحفة الأحوذي للمباركفوري، 31 - كتاب القدر، 1231 - باب ما جاءَ أَنّ الاْيمَانَ بالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرّه، الحديث رقم 2170

[2]فيض القدير، شرح الجامع الصغير

Толығырақ ...

Пайғамбарға иман келтіру

Мұсылман үмметінің Мұхаммедтің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлығына иман келтірудің ерекшелігі – мұсылмандар Мұхаммедтің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бүкіл адамзатқа пайғамбар етіліп жіберілгеніне иман келтіреді. Себебі Алла Тағаланың барлық елшісі тек өз қауымына пайғамбар етіліп жіберілсе, тек біздің пайғамбарымыз Мұхаммед (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бүкіл адамзатқа пайғамбар етіліп жіберілген.[1]



[1]«Сәбә сүресі, 28 аят.

Толығырақ ...

Муғаздың (родиял-лаһу ғанһу) әдеті

Муғаздың (родиял-лаһу ғанһу) адамдарға: «Кел, отыр! Имандасайық»,-дейтін әдеті болған. Ас-Садық (родиял-лаһу ғанһу) оның бұл әдетіне қатысты: «Муғаз сөйлесе, сөзін «лә иләһә илләл-лаһ» деп тәмамдайтын»,-деген болатын.[1]



[1]فيض القدير، شرح الجامع الصغير

Толығырақ ...

Маңызды бір мәселе!

Әбу Муса (родиял-лаһу ғанһу) айтадыб: «Біз адамдарды сүйіншілеу үшін Нәбиден (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шыққанымызда жолда Омарды (родиял-лаһу ғанһу) кездестірдік. Ол бізбен бірге Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) келіп: «Уа, Расулуллаһ! Адамдар сіздің дегеніңізге сүйеніп кетпей ме?»,-дегенде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үндемеді».

Бұл жердегі мәселе – пенде кәлима айтқанына сүйеніп құлшылық ісіне немқұрайлы қарамауында. Яғни, пенде: «Кәлима айтсам болды. Түбінде жәннатқа кіреді екем»,-деп құлшылықтан бас тартпауы тиіс. Себебі, құлшылық, мәселен намаз бен ораза, иманды қуаттап пенденің дінде табанды болуына септігін тигізеді. Оған қоса құлшылықсыз пенде күнәға жеңіл барып нәтижеде иманынан мүлдем айырылып қалу қауіпі бар. Сондықтан ешкім кәлиманы жаттап алғанына сүйеніп кетпеуі тиіс!

Толығырақ ...

Тозақтан құтылу жолы

Тозақтан құтылу жолы:

1. Тілде кәлима, ал жүректе соған сай нық сенім болуы тиіс.

2. Амалдың кәлимаға сай болуы тиіс. Яғни, жүрегінде иман бар пенде бірінші мәселеде намаз оқып, ораза ұстайды және шариғатқа сай өзге де амалдарды орындайды.

Осындағы «шариғатқа сай» сөзді қалай түсінеміз? Бұл мәселеге қатысты Хақ Тағала «Нұр» сүресінің 52-ші аятында былай деген:

وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَخْشَ اللَّهَ وَيَتَّقْهِ فَأُولَئِكَ هُمُ الْفَائِزُونَ

«Кім Аллаға және Оның Пайғамбарына бойсұнса әрі Алладан қорқып-сақтанса, міне солар, қолы жетістікке қол жеткізгендер».

Бұл аятта Алла Тағала тозақтан құтылудың төрт жолын баян еткен. Ол:

1. Хақ Тағалаға бойсұну;

2. Алла Тағаланың елшісіне бағыну;

3. Хақ Тағаланың қаһарынан қорқып;

4. Күнә істеуден сақтану.

Толығырақ ...