Еркек болуды қаласақ!

«Мұсылмандардың шығыстағы қай қорғаны Францияға қарсы тұруда бекем болды?»,-деген сұраққа, Напалеон: «Олардың тақуа әйелдері»,-деп жауап берген болатын.

Ғасырлар бойы Исламды жоюды қалағандар «мұсылман әйелдерінің бас жаулықтарын жұлып, онымен Құранды жауып қою керек» деген қағиданы ұстанып келеді.

Осылай екен, еркек болуды қаласақ, әйелдеріміздің тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек! Ал бұның бір ғана жолы бар – оларға діни тәрбие беру. Бұл үшін ең басты мәселеде өзіміз дінді үйренуіміз қажет. Осыған мән бермесек, әйелдеріміз елін, халқын ойлайтын ұлық тұлғаларды дүниеге алып келуі екі талай.

Толығырақ ...

Ғайбаттың 27 зияны!

Ғайбат – біреуге тіл тигізу, біреуді жамандау, өсектеу. Тіпті, шындықты айтамын деп, біреудің болып тұрған кемшілігі жайында айту, не болмаса біреуді кемсітілуіне себеп болатын сөз да ғайбатқа жатады

Ғайбаттың зияндары шаш етектен. Айтар болсақ:

1. Дұға қабыл болмайды.

2. Ғайбат жақсылыққа кедергі.

3. Жамандыққа бейім болу.

4. Игі амалдың сауабы болмайды.

5. Екіжүзділіктің пайда болады.

6. Ғайбат адам бойындағы жақсы қасиеттерді жояды.

7. Ғайбатшы – мұсылманның ең бірінші жауы.

8. Ғайбатшы – лағнеті шайтанның ең жақын досы.

9. Ғайбат – Алла Тағалаға қарсы келудің бейнесі.

10. Ғайбат – сүннетке қайшы амал.

11. Ғайбатшының құлшылығы мәкрүһ дәрежесінде болады.

12. Ғайбат достықты жойып, қастықты пайда етеді.

13. Ғайбат – өзгенің айыбын ашу.

14. Ғайбат дәретке нұқсан келтіреді.

15. Ақыретте ғайбатшының амал кітабы сол жағынан беріледі.

16. Қияметте ғайбаттың өтемі ретінде сауаптың алынады.

17. Ақыреттегі есеп-қисап ауыр болуы.

18. Ғайбат Қияметтегі қайғы-қасіретке себеп.

19. Ақыретте кек ретінде ғайбатқа ұшыраған ғайбатшыныңң етін жейді.

20. Қияметте ғайбатшы өз денесін жейді.

21. Ақыретте ғайбатшы өз денесін тырнап жаралайды.

22. Тозақта ғайбатшылар қышыма дертіне ұшырайды.

23. Ғайбатты әдет еткен мұсылман жәһаннамға ең бірінші болып кіріп, жәннатқа ең соңында кіреді.

24. Қияметте ғайбатшы маймыл бейнесінде тұрады.

25. Ғайбатшының қабыр азабы тым ауыр болады.

26. Ақыретте Алла Тағала ғайбатшыға назарын салмайды.

27. Ғайбатшының Қияметте дәрежесі болмайды.

Толығырақ ...

ҚАЗАҚ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ХАЛЫҚ?

ӘЛЕМ ТАРИХШЫЛАРЫ МЕН САЯСАТКЕРЛЕРІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЖАЙЛЫ НЕ АЙТАДЫ:

«Біз өзбектер бір туғанымызды, туысымызды алыс сапарға жіберіп жатсақ «ДОСЫҢ ҚАЗАҚ БОЛСЫН» - деп бата беріп, тілек айтамыз... Осы бір мақал бүкіл қазақ халқының кім екенін айтып тұр. Қазақ ешқашан досын жауға бермеген, досын сатпаған, досын жолға тастамаған»... (Өзбекістан Республикасы Президенті Ислам Каримов).
 «Қазақтардың өткен тарихымен әлем елдері арасында елеулі орны бар. Олар Бату хан армиясының өзегі болды. Қазақтар Козельск, Москва т.т. қалаларды алғандардың және Алтын орданың әскери-саяси құрылымының тікелей ұрпақтары. Әзірге қазақтың маңыздылығы әлемдік тарихқа байланысты болғанымен, қазақ халқының мол мүмкіндігінің ашылу сәті әлі алда. Ол үлкен Тұранның ояну сәтіне байланысты болады. Оның қозғаушы күші қазақтар болады». (Гейдар Жемаль).

 «Қазақтарды ұлт ретінде сақтау – түркілерді сақтау. Таза түркі – қазақтар. Қазақ тілі ең таза түркі тілі» (К.Карпай, АҚШ, профессор).

Ресей империясының патшайымы Екатерина 11 (1762-1796): Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады.

13 ғасырдағы қазақ жеріне ат басын тіреп, Батудың қабылдауында болған Рим папасыныың өкілі Плано Карпини өз жазбаларында былай депті: «Бұл халық (қазақтар М.Қ.) өз билеушілеріне, о дүниелік болған бабаларының алдында, ел билеген тұлғаларына өте адал болып келеді, бұларда жалған сөйлеп, өтірік айту деген жоқ. Бұл халықтың арасында өзара айтыс – тартыс деген болмайды. Ұрлық – қарлық деген нәрсе бұларда атымен жоқ, сондықтан болар, бұлардың есіктеріне өмірі құлып салынбайды. Бұлардың тіпті малы адасып басқа қораға кіріп кетсе де, оның иесі адасқан малды қайта айдап келеді. Жалпы бұлардың ауызбірлігі, ынтымағы өте берік және тауқыметке өте шыдамды, жолда ашқұрсақ жүрсе де жүзінен күлкісі кетпейтін дарқан, ақжарқын халық».
Қазақтар сан ғасыр осылай өмір сүрген екен, кешегі кеңес заманында да есігіне құлып салуды білмепті. Енді міне соңғы 30 жылда «гендерлік» деген теріс саясаттың салдарынан, қулық – сұмдық, мансапқорлық, екіжүзділік, қылмыс, парақорлық пен жемқорлық, арсыздық, дүниеқоңыздық, т.б. жаман қасиеттердің бәрі жастарымыздың бойына көз ілеспес жылдамдықпен дарып келеді...

«Қазақты оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары түгелдей тұнып тұрған білім» (П.Семенов-Тян-Шанский 1828-1914).

Әрбір ұлт өз ұлтын өзге ұлттардан артық санайды. Бұл ұлтшылдық пен соғыс өртін тұтатады. Адамдар білуі керек, ешбір халық қанша мақтанғанмен, Қазақтан асып, қазақтан артық мемлекет құрып, қазақтан биік бола алмайды. (Татар жазушысы Мұса Жалил).

И.В.Сталин: Қазақ өздерінің кім екенін білсе, масаттанғандықтан өліп кетуі мүмкін.

Оған Қазақтардың миллиондап қырылып жатқанын айтқан кезде Шыңғыс ханның ұрпақтарынан тек қана осылай құтылу керек деген екен.

Қытай жазушысы, саясеткер Лу Юнь: Қытай мемлекетін құрған қазақтар.

Ресей Ғылым академиясы, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Петров: Орысқа Ресей мемлекеттігін құрып берген қазақтар.

Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский: Ресей тарихында орыстың қазақтан қорықпаған кезі болған емес. (О русском рабстве, грязи и тюрьме народов».

Ресей патшасының қабылдауында болған Михаил Сперанский Қазақтар жайлы былай деген екен:
-Қазақтар көшпелі өмір сүретін өте жауынгер халық. Арақ ішпейді жəне табиғи қиыншылықтарға өте төзімді. Далада соғысудың өнерін жақсы меңгерген...
Ресей патшасы | Александр
Оларды бағындырудың жолын ойластырдың ба?, деп сұрағанда Михаил Сперанский:
-Қазақ даласында сексеуіл деген ағаш өседі. Өте қатты, балтамен шауып сындыра алмайсың. Оны тек бір-біріне ұрып сындырады. Қазақтар руға қатты бөлінеді. Оларды бір біріне айдап салып, əлсірету қажет,-депті...

"Қазақтарды тарихи жадынан айырып, халықты дүбәралау саясаты отыз бен қырқыншы жылдардың ортасында қатты жүрді. Сүттің бетіндегі қаймағы сияқты болған барлық интеллигенциясы осы жылдары түгел оққа ұшып, ұлт осыдан кейін үлкен тобырға айналып шыға келді. Жаңаша пайымдайтын, озық ойлы, арлы, мінезді ұлтшылдардың бәрін құртып, коммунистер жаңа биліктің айтқанын бас шұлғып қана қабылдайтындарын ғана қалдырды. Былай қарасаң, Совет өкіметі шынымен де құл-құтандардың билігі болатын.
Ең қызығы, осындай сұмдық геноцид бұл халықтың ғасырлар бойғы бізге жасаған ықпалын бәрібір бәсеңдете алмады. Соғыс жылдары қазақтар баяғы бабалары сияқты (Кресшілерге қарсы соғыста Московияға көмекке келген ордалықтарды меңзеп отыр) тағы да атқа қонып, майданның алғы шебінен көрінді. Әрбір он оқтың тоғызы да Қазақстанда жасалғанын қалай жасырамыз? Мәскеуді қорғағандар, атақты партизандар, тіпті, адамзат шежіресіндегі ең алапат айқаста да аты аңызға айналған қыздардың да көбі осылардың арасынан шығыпты.
Ген деген өзі, қызық нәрсе ғой...
Халықты қанша қырсаң да, оны жоқ қылып жібере алмайсың. Ол түбі бір жерден жарқ етіп шыға келеді....!" (С.А.Караганов, Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің кеңесшісі).

Түрік (Түркия) халқы күні бүгінде де берген уәдесін жұтып, екі сөйлемейтін, бір сөзді МӘРТ адамды ҚАЗАҚ деп атайды. Сонымен қатар, малдың жүнінен тоқылған бүкіл бұйым атаулыны және әйелдеріне билігін жүргізе алатын адамдардың бәрін де қазақ деп, атайтын көрінеді.

Адамзаттың ұлы пайғамбары Мұхамбет (ғ.а.с) көптеген хадистері бар. Алайда, пайғамбарымыздың Қазақтар (түркілер) жайлы арнайы хадисі бар екенін біреу білер, біреу білмес. «Аллатағала адамдарды сынау үшін жамандықты жаратты. Оны жою үшін түркі халқын жаратты. Оны шығысқа орналастырды», десе тағы бір хадисінде, «Бақ пен ырзықтың тағын Аллатағала түрік жұртының төбесіне орнатты» дейді. Ал, сол түркі халқының қарашаңырағы бүгінгі Қазақ елі болып табылады. Әрине, біз оны бүгін сезбегенмен ертең сезетін боламыз.

«Әбу Хурайра) былай деді: Алла Елшісі (с.а.у) айтты: «Сендер қысық көзді, қызыл шырайлы, таңқы мұрынды, бет-жүздері қабат-қабат тері қапталған қалқан тәрізді түріктермен соғыспайынша қиямет-қайым болмайды. Сондай-ақ, сендер аяқтарына жүннен киген бір қауыммен соғыспайынша қиямет болмайды» (Сахих әл-Бұхари).
«Мәртебесі биік Алла Тағала маған Иран мен Византияның алынатынын хабардар етті. Маған олардың әйелдері, балалары, құлдарын да берді. Себебі, қызыл шырайлылардың (түркілер) көмек беруімен мені құдіретті етеді» (Рашиб б. Са).
«Өлкені (дұшпандарға қарсы) қорғаудың күші онға бөлінеді: Оның тоғызы түркілерге, қалғаны өзге ұлттарға берілді. Сараңдық та онға бөлінеді: оның тоғызы парсыларға, қалғаны өзге ұлттарға берілді, жомарттық та онға бөлінеді, оның тоғызы судандықтарға, қалғаны өзге адамдарға беріледі, ар-ұят та онға бөлінеді, оның тоғызы әйелдерге, қалғаны өзге адамдарға беріледі, көре алмаушылық та онға бөлінеді, оның тоғызы арабтарға, қалғаны өзге ұлттарға берілді, тәкәппарлықта онға бөлінеді, оның тоғызы римдіктерге, қалғаны өзге ұлттарға берілді» (ат-Табари).
«Түріктер сізге тиіспейінше байқаңыз сіздерде түркілерге тиіспеңіз. Өйткені, Алланың үмбетке берген бұл мүлкі (байлық) мен салтанатын алғаш болып Қантураұлдары тартып алады» (ат-Табарани).
«Байқаңыз, хабашилер сізге тиіспейінше, сіздер оларға тиіспеңіздер. Сондай-ақ, түріктер де сіздерге тиіспейінше, сіздер де түріктерге тиіспеңіздер» (ән-Нашаш).
(kazislam.kz https://kazislam.kz/t-rkiler-turaly-khadis-bar-ma/).

«Сахих» имам Муслима: Олар өздері келіп тиіспесе, Түрікке тиіспеңіздер! Сіздер олармен соғысатын болсаңыздар, жеңілесіздер!

Түркия Президенті Т.Ердоған: Қытай! Тарт қолыңды түркілерден!

Қытайдағы (Шыңжаң М.Қ.) қазақ бауырларымызға жасалынып жатырған, қатыгездік тоқтатылсын. Түбі бір түркілер біріксе қытай еліне аса қауыпты болады осыны ескертеміз. Түркияда менімен қоса 85 миллион Қазақ бар. Қазақстан киелі мекен біздің ата жұртымыз деп мақтанышпен айта аламыз. Әр түрік кеудесіне қолын қойып қазақ бауырларымызға құрмет көрсетеді. (Азамат Шынболатов «Айтпарым бар» 2019 ж. 14 желтоқсан).

Құмық тілінде Қазақ - батыр деген мағына беретін сөз. Құмық әдебиеті Қазақ жыраудан басталады.

Дағыстан поэзиясында ҚАЗАҚ - ер, қайсар, жауынгер болып сипатталады.

Алыста қалған ноғайлар қазақтардың мына өсиетін жадтарында сақтап, үнемі айтып жүреді екен:
«Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Біріншісі – ұят болады. Екіншісі – жаман болады. Үшіншісі – обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұят істі істеме дегені, ұят жанымнан садақа дегені. Бұл қазір «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деп тұжырымдалған.
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр, жақсының жомарттығы, жаманның нәмәрттігі жұғады дегені.
 Обал болады дегені – әр бір істің сұрауы бар, адам баласына қиянат жасама, обал мен сауаптың ара жігін ажырата біл дегені».
 Қазақ пен Ноғайдың бір туған екендігіне ноғай ақыны Арысланбек Сұлтанбековтың «Домбыра сазын ескен Адайлар» атты әні толықтай куәлік ете алады.

Латыштың (Латвия) филолог ғалымы Галина Шуке өзінің «Латыштар түрік болған ба?» деген ғылыми зерттеу кітабында «Латыш пен орыстар түріктерден шыққан", яғни бұл елдің тілдері көне түрік (Қазақ М.Қ.) тілінен бастау алғанын дәлелдеген.

 Ұлы мәдениеті бүкіл әлемді мойындатқан қазақ елі жайлы, «Кәдімгі тарих» атты фундаменталды ғылыми еңбектің авторы Жорж Луи Леклерк (Бюффон) ХҮІІІ ғасырда былай деп жазыпты: «Бірінші мемлекет, яғни осылай деп аталуға лайық ел өте ескі заманда Каспий теңізінің шығыс жағында дүниеге келген. Бұл халық ғылымды, өнерді және басқа да игіліктерді дүниеге әкелгені үшін де үлкен құрметке лайық... Олар төтенше бақытты болды, себебі олар өте білімді еді, кейін жаттың шабуылына ұшырап, адамзаттың ұлы цивилизациясын қара түнек басты».

Біз Құдайды, Тәңірді, Алланы танып, Жаратушы бір Құдайға сыйынған кезімізде, бүкіл әлем елдері отқа, суға, тауға, тасқа, әртүрлі жан-жануарларға табынып жүрген болатын. Біз жабайы құланды қолға үйретіп, атқа мініп, даланы тұлпардың төрт тұяғымен дүбірлеткеніміз де бүкіл дүние жаяу жүр еді. Біз ағаш пен киізден жасалған салтанатты көшпелі үйлерде тұрған кезімізде, өзгелер табиғи үңгірлерді мекендейтін. Біз даланың жабайы аңдары қодасты, таутайлақты, құланды, арқарды, ақбөкенді, киікті қолға үйретіп, етін жеп, жүні мен терісін пайдаланып, сүтін, шұбатын, қымызын ішіп, шалқып жүрген кезімізде өзгелер тек қана аң аулап күн көріп, қара су ішетін. Біз алғаш дән егіп, астық жинап, нан пісіріп жеп жүргенде, өзгелерге мұндайдың иісі де мұрындарына бармайтын еді. Біз шалбар кигенде бүкіл дүние алды мен артына жапырақ байлап, жалаңбұт жүр еді. Біз алғаш темір қорытып, ердің бес қаруын ойлап тапқан кезде өзге елдер қолдарына ағаш таяқ ұстап жүрген болатын. Біз алғаш Садақ пен жебені ойлап тапқан кезде, өзгелер қолдарымен тас пен таяқ ылақтырып жүретін. Біз Алып биді (Әліппені) ойлап тауып, жазу жазып, жыр толғаған кезде қазіргі Еуропа қараңғылық түнегінде жатқан. Біз айбынды қағанат құрып, əлемді билеп отырған кезде бүгінгі заманның ең озық жұрттары тайпалық құрылым деңгейіне жеткен. Біртұтас ұлы қазақ (түркі) халқы сан мыңдаған жылдар бойы салтанат құрды, ғылым мен өнердің озық үлгілерін жасады, рухы биік, аруағы үстем, күш-қуаты артық болды. Олардың даналығы мен данышпандығы елден ерек болды. Қазір оны кім білер, кім сенер, біз сондай да сондай едік, деп!
Дегенмен, ұлы Аталарымыз «Ат айналып қазығын, Ер айналып елін табар» деген мақалды бекер қалдырмаған болар.

Осы жазылған жәйді ой елегінен өткізіп, санамызды тірілте алсақ, әлі де кеш емес. Аллатағала сүйген құлдарына ешқашан жамандық жібермеген.

Толығырақ ...

Әйелзаттың Исламдағы дәрежесі

Құранда «Ниса» (әйелдер) деген сүре бар, бірақ «Рижәл» (еркектер) деген сүре жоқ. Ал Құранда айтылғанның бәрі мәнді, әрі маңызды екенін ескерсек, осы жағдай әйелдердің Хақ Тағаланың назарындағы жоғары мәртебесіне ишара.

Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бірінші болып иман келтірген әйелзат болды. Ол – Хадиша анамыз (родиял-лаһу ғанһа).

Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) ұйып намаз оқыған ең бірінші адам да әйел болды. Ол да Хадиша анамыз (родиял-лаһу ғанһа).

Дін үшін бірінші болып жан тапсырған адам әйел еді. Ол – Сумайа бинт Хаят (родиял-лаһу ғанһа).

Қасиетті Меккенің бірінші тұрғыны әйел болды. Ол – Хажәр анамыз, Ибраһим пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) әйелі.

Сондықтан әйелдерімізді қадірлейік!

Толығырақ ...

Пайғамбарымыздың сүіншісі!

Имам Әбу Дауд (рохматуллаһи ғаләйһи) Әбу Сәғләбадан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Расында, сендерден кейін сабыр күндері келеді. Сол күндері дінін ұстанған алақанына шоқ ұстағанмен тең болады. Сондай-ақ, сол кезде дін талабына сай амал етуші сендер амал еткендей елу адамның сауабын алады»,-деді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ! Кім сияқты амал еткен, біз сияқты ма, әлде олар сияқты ма?»,-деп сұрады. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Сендер сияқты амал еткен елу адамның сауабын алады. Өйткені ақиқат мәселесінде сендердің қолдаушыларың болса, олардың қолдаушылары болмайды»,-деп жауап берді.

Бұл хадисте бес мәселе жайында айтылған:

1. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) болашақта дінді ұстанған адамдар үшін ауыр жағдайлар болаты жайында хабарлауы. Расында, бүгін осы жағдай болып жатқан жоқ па? Елімізді алар болсақ, өткен ғасырдан бастап діндарлар қысымға алынып, нәтижеде мұсылмандар кәлима, намаз, оразасынан айырылып қалды. Тағысы тағы бар!

2. Сондай жағдайда дінді ұстану қолға шоқ ұстағандай болуы. Конституциямызда дін еркіндігі берілгенімен, «шаш ал» десе, бас алатындар» өздері дінді құбыжық көріп, намаз оқыған, ораза ұстағандарды көосе дәжжалды көргендей болады. Мұсылман әйелдер басын орамалмен жауып, ұзын етек көйлек кигені өзінше бір бөлек мәселе! Бір өкініштісі, сол мұсылмандарға тиісетін өзге ұлт, не болмаса өзге дін өкілі емес, өзіміздің қазекең. «Іштен шыққан жау жаман» демекші, дінімізге, мұсылмандарға ең үлкен зиян келтіріп жатқан дәл солар!

3. Сауап ықылас, амалға сай жазылады. Бүгін өзін  мұсылман санағанымен, бірақ діннің ең бірінші жауы болғандар аз емес. Солар дінді түсініп-ұғынбайды, сондықтан намаз оқымайды, ораза ұстамайды, дін талаптарын орындамайды. Олардың нәпсілері үшін мұсылман біреудің намаз оқығаны, бір әйелдің ұзын етек көйлек кигені тым ауыр. Осы себептен олар, өзін «мен - мұсылманмын» дей тұра, дінге барынша қысым көрсетеді. Осындай жағдайда дінді ұстану шоқты ұстағанмен тең болады. Қысымшылық көрсетілген заманда пенде дінді ұстанғаны үшін елу сахабаның сауабын алудың мәні осында!

4. Сахабалардың артықшылығы. Сахабалар Құранда ерекше аталып көрсетілген. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сахабалар заманын мұсылмандықтың ең қайырлы дәуірі деп айтқан. Мәселе, сахабалардың дін үшін көп қиыншылық көруінде, мұсылман үмметі үшін мал-жанын құрбан етуінде.

5. Исламның бастапқы дәуірінде, айтар болсақ пайғамбарлықтың мәдиналық дәуірінде, басты заң Құран, шариғат болды. Ол кезде үкім адамдардың атағы, мансабы, байлығына қарай шығарылмады. Барлығы барынша әділ шешіліп, залымдар тиесілі жазасын алды. Басқаша айтқанда, мұсылмандардың қолдаушысы дін болды, шариғат болды. Ал бүгін зайырлылық, демократия деген асыл ұғымдар бұрмаланып, қоғамның басым көпшілігі дінді бір қияли дүние ретінде қабылданған уақытта, мұсылманның адам Хақ Тағалаға тәуекел етіп, өзінің иманы, сабырлығы және дінге деген ықыласына сүйенуден өзге шарасы жоқ.

Осылай екен, дүниеден, дінсіздіктен әсерленбейік! Мұсылман адам еш қашан ұтылмайды, мына пәниде де, Ақыретте де! Тиесілі сауабын алады, Құдай қаласа! Өмірдің мәнісі де осы емес пе?!

Алла Тағала өзіне деген тәуекелімізді арттырсын! Баршамызға қолдау мен жеңілдігін нәсіп етсін! Әмин!

Толығырақ ...

Әйел тағдыры

Жақсы әйел дүниедегі ең жақсы ерге күйеуге шығуы мүмкін. Бұған Хадиша анамыз (родиял-лаһу ғанһа) мысал. Нәтижеде Хадиша анамызға (родиял-лаһу ғанһа) жәннат нәсіп болды.

Жақсы әйел дүниедегі ең жаман адамға зайып болуы мүмкін. Бұған Перғауынмен тұрмыс құрған Асия анамыз (родиял-лаһу ғанһа) мысал. Бірақ осының нәтижесінде Асия анамыздың (родиял-лаһу ғанһа) Хақ Тағаланы жақсы көруіне кедергі болмады, әрі оған жәннат нәсіп болды.

Жаман әйел дүниедегі ең жаман адамға күйеуіге шығуы мүмкін. Бұған Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қас жауы Әбу Ләһабтың әйелі Умму Жәмил мысал. Бұл жағдай Әбу Ләһаб пен Умму Жәмилдің бетін күпірліктен қайтармады, әрі оларға тірі шағында-ақ тозақ нәсіп болды.

Жаман әйел дүниедегі ең жақсы адаммен тұрмыс құруы мүмкін. Бұған Лұт пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) әйелі мысал. Бұл жағдай ол әйелдің иманын өзгертпеді, әрі ол тозақылардың қатарында жазылды.

Әйел ешкіммен тұрмыс құрмауы мүмкін. Бұған Марйям анамыз мысал. Соған қарамастан, алла Алла Тағалаям анамыздың пәнидегі мәртебесін жоғарылатып, тағдырына жәннатты болуды жазып қойды.

Алла Тағала баршамызға жәннатты болған әйелмен шаңырақ көтеруімізді нәсіп етсін! Әмин!

Толығырақ ...