Кедей, мұқтаж болғың келмей ме?

Онда дініміздің мына қағидаларын ұстан:

1. Иманыңды, сенім-нанымыңды дұрыста! Ризық-несібені белгілеуші – Алла Тағала. Дана қазақ осы ақиқатқа нұсқап: «Пешенеңе жазғанын көресің»,-деген. Не нәрсе болсада, Хақ Тағаланың қалауымен болады. Осы сенім кез келген саналы пендені ынсапты, қанағатшыл етері сөзсіз!

2. Алла Тағаладан барша қиыншылықтан, соның ішінде мұқтаждықтан да пана тіле! Өйткені Хақ Тағала қаламаса, саған біреудікі былай тұрсын, өзіңдікі де бұйырмау қалуы мүмкін.

3. Адал кәсіп істе! «Берекет – әрекетте!»,-деген қағиданы ұстан. Адам бай болуы шарт емес! Осыны түсінбегендер дәулеттілердің асына, киіміне, дүниесіне қарайды. Болмаса, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Адам баласына омыртқасын тік ұстататын ас жеткілік етеді»,-деген.

4. Қанағатшыл бол! Қанағат қарын тойдырады! Бізді: «Жоқ. Аз. Жетпейді»,-деп айтпа. Жесең, тоямын деп же. Кең болсаң, кем болмайсың»,-деп тәрбиелеп, бойымызға қанғатшылдықты дарытқан ата-аналарымызға Алла Тағала разы болсын!

5. Бай болсаң, зекетіңді, бай болмасаң садақаңды бер! Себебі, садақа бәленің бетін қайтарады. Ал кедейлік пен мұқтаждық – бәленің бір түрі емес пе?!

6. Өзіңді басқалардан жоғары, артық көрме! Ұлық болсаң, кішік бол! Ұлықтылық тек Алла Тағалаға жарасады. Өзі Хақ Тағаланың жарылқауына мұқтаж пенденің менменсінгені жараса ма?!

7. Жетім, жесір, науқас, кедей, мұқтаждарға қамқорлық ет! Бұл үшін бірінші мәселеде дүние байлығы емес, көңіл байлығы керек. 1000 теңгеңнің 500 теңгесін мұқтажға берсең, миллионер болған, бірақ өзгемен көк тиінімен бөліспегеннен асып түсесің. Тіпті берерің болмаса, тым болмағанда олардың көңілін аула!

8. Арам атаулыдан аулақ бол! Күнә болғанның барлығы арамға жатады. Мысалы, арам жолмен тапқанды азық ету, өтірік, қиянат т.с.с. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Пенде күнәсі себебінен ризық-несібесінен мақрұм қалады»,-деген. Яғни, күнә – пенде ризық-несібесіне, берекеге қол жеткізуіне кедергі болады. Бұның шешімі – тәубеге келу! Себебі, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Тәубеге келген күнәсі жоқ пенде тәрізді»,-деген. Яғни, тәубеге келгеніміз – ризық-несібеміздің, берекеттің жолын ашқанымыз!

Алла Тағала баршамызды кедейлік пен мұқтаждықтан аман етсін! Әмин!

Толығырақ ...

Криштиану Роналду Құран оқи бастапты!

Әлемге әйгілі спортшы, «Реал Мадридтің» және Португалияның үздік жабуылшысы пен  Криштиану Роналдудың айтуынша, ол карантинде Құран оқи бастапты.

«Карантинде адам жеке қалады екен. Сол арада мен өте көп кітап оқып, көп ойландым. Ал енді мен Құранды оқи бастадым»,-дейді Криштиану Роналду.

Айта кету керек, Криштиану Роналду Құран оқуды өзінің әріптесі Месуту Озиладан үйрене бастаған екен. Ал осыдан жеті жыл бұрын Криштиану Роналду араб әліппесін үйренгені және ең жақсы көретін сүресі «Фатиха» сүресі екенін мәлімдеген болатын.

Естеріңізде болса, 2013 жылы ұялы байланыс операторы «Mobily» Криштиану Роналдуға Құранның португал тіліндегі аудармасын сыйлаған болатын. Сонымен қатар, Роналду Палестинаның халқына деген жанашырлығымен белгілі. Роналду дініміз жайында былай дегені белгілі: «Мен мұсылмандарды жақсы көремін. Өйткені олардың тіршілігі ретті, онда ретіздік пен тәртіпсіздік жоқ. Мен Ислам жайында көп білемін. Сондықтан мен соңғы кезде ақпарат құралдарында Ислам жайында жазылып жатқанның бәрі – сұм жалған!»

Толығырақ ...

«Теодор Рузвельттің» дәрменсіздігі!

Теодор Рузвельт – әлемдегі ең үлкен авиатасымалдағыш (АҚШ). Құны – шамамен 13 млрд доллар. Әскери құрамы – 5000 әскер. Әлемдегі ең жетік техникамен жабдықталған. Ондағы ракеталар мен ұшақтар әлемнің кез келген жеріне соққы бере алады. Соған қарамастан, адамзат тарихындағы бұл ең қауһарлы соғыс аспабы көзге көрінбейтін бір вирустың алдында дәрменсіз болып қалды.

Кемедегі 25 әскериі КВ-на шалдыққаннан кейін, кеме капитаны Бретта Крозьера Пентагонға болған жағдайды мәлімдеп, көмек сұрайды. КВ-на шалдыққандардың ішінде Бретта Крозьераның өзі де болды. Нәтижеде, Пентагон кеме капитаны Бретта Крозьераны әскери құпияны жария еткенін айтып, айғай-сүрен көтергені үшін айыптап, қызметінен босатты.

Өзінің әрекетіне түсініктеме беріп, Крозбера былай деп жазды: «Біз соғыста емеспіз. Кемедегі әскерилер опат болмауы тиіс. Біз қазір шара қолданбасақ, басты байлығымыз – теңізшілерді аман алып қала алмаймыз».

Қандай болғанда да, Крозьера кеме капитаны лауазымынан айырылып, жағаға түсті. Ал Пентагон Алла Тағаланың көзге көрінбес жаратылысының алдындағы шарасыздығын көрсетті.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта АҚШ КВ вирусына ұшырағандар көшін бастап тұр.

Толығырақ ...

Мәселе нәтижеде!

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Нәтижесін көрмейінше, ешбірің амалда босаңсымаңдар!»,-деген.

Ибн Жәузи (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Біреу Башар ибн Мансур Әс-Салимидің ұзақ уақыт бойы ықыласпен намаз оқығанын көреді. Осыны байқап қалған Башар ибн Мансур оған былай дейді: «Менің осылай намаз оқығанымды көргенің сені алдандырмасын. Өйткені лағынеті Ібіліс Алла Тағалаға мыңдаған жылдар бойы құлшылық етіп, соңында қандай жағдайға ұшырағанын білесің».

Сондықтан құлшылық еткеніміз бізді алдандырмасын. Намаз оқыған, ораза ұстаған, садақа берген керілмесін! Себебі, амалдың қабыл болғаны-болмағаны Ақыретте мәлім болады!

Толығырақ ...

Әр нәрсенің емі бар!

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

إِنَّ اللَّهَ أَنْزَلَ الدَّاءَ وَالدَّوَاءَ وَجَعَلَ لِكُلِّ دَاءٍ دَوَاءً، فَتَدَاوَوْا وَلاَ تَدَاوَوْا بِحَرَامٍ

«Алла Тағала әрбір аурумен бірге оның шипасын да түсіріп, әрбір кеселдік емін берді. Сондықтан, емделіңдер! Бірақ, арам нәрсемен емделмеңдер!» (Әбу Дауд)

Осы ақиқатты Алла Тағала нәсіп еткендер білді, білмегендер бұл ақиқаттан мақрұм қалды.

Біз бүгін КВ-қа қарсы сақтық шараларын ұстанамыз. Бұл індетке ұшырағандар емін қабылдап, сауығып кетуге тырысып жатыр. Бұл дұрыс! Алайда, неге КВ дерттінің рухани емін қабылдамасқа?!

Жер бетіндегі әрбір опатты жағдай – адам баласы өз қолымен істегеннің, яғни күнә-қателігінің нәтижесі. («Рум», 41 аят) Ал күнә деген дерттің емі – тәубеге келу, Алла Тағаланың рахметіне қол жеткізуге тырысу, осы мақсатта құлшылыққа жығылу. Олай болса, неге тәубеге келмеске, намаз оқып, ораза ұстамасқа?! Неге осы арқылы індеттің бетін қайтармасқа?!

Толығырақ ...

Дүниеқорлықтың нәтижесі!

Абдулла ибн Әш-Шахир (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Мен Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) келгенiмде, ол «Тәкәсур» сүресiн оқып отыр екен. Оқып болған соң Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Адам баласы: «Малым, малым»,-дейдi. Уа, адам баласы! Саған iшiп-жегенiң, киiп тоздырғаның және садақа етiп бергенiңнен басқа не бұйырады?»,-дедi». (Муслим)

«Тәкәсур» сүресінде адам баласының дүниеге, байлыққа құмарлығы, әрі соның нәтижесі неге алып келетіні жайында айтылған.

Адам табиғаты, біріншіден: үнемі бір нәрсені қалап тұрады. Екіншіден: барына қанағат етпейді. Біреулердің барына қанағат етпей, байлық, атақ, мансап қуып кетудің сыры осында! Осыны бір сөзбен «дүниеқоңыздық, дүниеқорлық» деп айтса болады. Көп адам осы дүниеқоңыздық себебінен мына пәнилік ғұмырын ойын, сауық-сайранға айналдырып жатады. Бірақ... Сол ойын-сауық, адам баласы мына пәниге құлшылық ету үшін келгенін ұмытып, Ақыретте тозақтың мәңгі отынына айналғанына тұра ма?

Толығырақ ...