Адамның ғ.с. бойы қандай еді?

Убай ибн Кәғбтан (родиял-лаһу ъанһу) имам Ибн Хатим (рохматул-лаһи ғаләйһи) риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Тағала Адамды ғ.с. бойы ұзын етіп жаратты»-десе (Ибн Кәсир тафсиры), имам Бухари Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Аллаһ Тағала Адамды ғ.с. бойы алпыс шынтақ етіп жаратты»-деген. («Сахих Әл-Бухари», 3148)
Сонымен қатар хадисте: «Жәннатқа кірген әрбір пенде Адам ғ.с. бейнесінде, бойы алпыс шынтақ болған күйде кіреді. Адам ғ.с. жаратылғаннан бастап осы кезге дейін адамзаттың бойы қысқарып келеді»-деп айтылған. («Кашфүл-Хафа», 1215)

 

 

Толығырақ ...

Шүкір етуші пенде

Аллаһ Тағала бір пендесін сынау үшін көзін көр етіп жаратады. Оған қоса дәл сол пенденің екі қолы мен екі аяғы болмайды.
Бірде оның үйіне кірген біреу сол көзі көр, қол-аяғ жоқ пенденің: «Менi басқалардың басыңа түскен қасiреттен сақтаған әрі басқа жаратқандарынан абзал еткен Аллаһ Тағалаға мақтау болсын»-деп айтқанын естіп қалады.

Толығырақ ...

Аллаһ Тағала Иса пайғамбарды ғ.с. жаратудың мәнісі неде?

Иса пайғамбар ғ.с. әкесіз дүниеге келген. Мұны кезкелген діндар біледі. Осы себептен Құранда Иса пайғамбар ғ.с. «Ибн Марйям», яғни «Марйямұлы» деп аталады. («Ниса» сүресі, 117 аят)
Мұндай жаратылстың мәнісі неде?
Ғалымдардың айтуынша Исаның ғ.с. жаратылуы Хақ Тағаланың ұлықтылығы мен құдіреттілігіне ишара. Себебі Аллаһ Тағала өзі қалағанын әрі өз қалауынша жаратады.

 

 

 

 

Толығырақ ...

Аллаһ Тағала нені білмейді?

Бірде үш мұсылман бір елдімекеннің жанынан өтіп бара жатады. Ол елдімекеннің жұрты пұтқа табынатын.
Мұсылмандар оларды жалғыз Аллаһ Тағалаға иман келтіруге үндейді. Алайда адамдар олардың үндеуіне жауап беруін қаламайды.

Толығырақ ...

Ибн Ғуқайлдің жауабы

Бірде имам Ибн Ғуқайлге бір адам келеді. Ол адам не істемесін: «Осылай еттім бе әлде істемедім бе?»-деп күмәнданады екен. Сол адам имам Ибн Ғуқайлдің жанына отырып былай дейді: «Мен бүгін бірнеше рет шомылдым. Бірақ соған қарамастан толық шомылғанымда кумәнданып тұрмын. Бұған не дейсіз?»

Толығырақ ...

Маған сый етерің бар ма?

Аң аулауға шыққан халифа Әл-Муғтасым арыстанды көріп жанындағы асқақ келбеті мен қаруы қызықтырған қызметшісіне қарап: «Маған сый етерің бар ма?»-деп сұраған екен. Әміршісі оны арыстанмен алыстырғысын қалап тұрғанын сезген ол: «Уа мүминдердің әміршісі! Жоқ»-деп жауап береді.
Сонда халифа Әл-Муғтасым оның бұл сөзіне күліп жіберген екен.

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...