Даналар сөзі – ақылдың көзі

Имам Ибн Мубарактың (рохматул-лаһи ғаләйһи) даналығы:
Көзіңді тый – құдайшыл боласың. Көп сөйлеме – дана боласың.
Болмашы амалды ниет ұлық етеді әрі дәл сол ниет үлкен амалды кішірейтеді.

Толығырақ ...

Тышқан үйіңді Отанын сүйгені үшін ғана мекендейді

Күндердің-күнінде жоқшылықтан ығыры шыққан зайыбы күйеуіне былай деген екен: «Құдай ақы! Тышқандар сенің үйіңде өз Отандарын сүйгені үшін ғана мекендейді. Болмаса олар да ризық-несібелерін көршілердің үйінен табады!»

 

 

 

Толығырақ ...

Арамыз бір ғана күн

Күң сатып алуды қалаған бір кісіге екі әйел ұсынылады. Оның бірі әлі ер көрмеген, ал екіншісі кезінде тұрмыс құрған болады. Әлгі адам ер көрмегенін таңдаған сәтте екіншісі: «Сондағы арамыздағы айырмашылық бір ғана күн ғой»-деп наразы болғансиды. Сонда әлі ер көрмегенін әйел: «Негізінде Аллаһ Тағаланың жанында бір күн сендер санайтын мың жылмен тең»-деген аятты оқиды. («Хаж», 47 аят) Нәтижеде әлгі адам соны сатып алады.

 

 

 

 

Толығырақ ...

Зерек әйел

Шуғайб ибн Харб бір әйелге үйленуді қалайды. Танысқан кезде ол әлгі әйелге: «Негізі менің мінез-құлқым тым нашар»-дейді. Сонда әйел: «Негізінде сізді жаман мінез-құлықтылыққа итермелеген адам сізден де нашар»-деп жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...

Кітаптан болған қызғаныш

Әз-Зубайр ибн Бәккар айтады: «Бірде менің әпкемнің бір қызы: «Менің нағашым еркектердің ішінде отбасы үшін ең қайырлы болған кісі. Ол менің әпкемнен өзге әйел алуын қаламайды, тіпті басқа әйелдерге қарамайды да»-деді. Сонда оның әпкесі ашуланып: «Құдай ақы! Сол байымның кітаптары мен үшін үш әйелден бетер бәле болды»-деген екен.

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...