Ең бақытсыз адам

Ғалымның бақытсыздығы – шын досы болмауында. Наданның бақытсыздығы – ақылы кем болуында. Ал осы екеуінен де бетер бақытсыз болған – ақымақпен дос болған адам. Имам Шафиғи (рохматул-лаһи ғаләйһи)

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...

Ортаңғы жолды ұстан

 Имам Ибн Хажәр (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтады: «Адамдармен қатынаста тым ашық болу жаман досты пайда етеді. Ал адамдармен мүлдем қатынаспай қою қастықты пайда етеді. Сондықтан сен ортаңғы жолды ұстан».

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...

Қағбаның жанында Ибраһимнің (ғаләйһис-саләм) ізі бар ма?

Қағбаның жанында «мақаму Ибраһим» деп аталатын орын бар. Мақаму Ибраһим – Қағбаның құрылысы барысында Ибраһим (ғаләйһис-саләм) үстінде тұрған тас. Оның ұлы Исмаил (ғаләйһис-саләм) сол тастың үстінде Қағбаның дуалына қаланатын тастарды қоятын еді.

Толығырақ ...

Бiзге алдыңғы сирағынан басқаның бәрi бұйырған екен

 Нәбидiң (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) отбасы қой сойып етiн мұқтаждарға таратқаннан соң Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Еттен бiрдеңе қалды ма?»-деп сұрайды. Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа): «Алдыңғы сирағынан басқа ешнәрсе қалмады»-деп жауап бердi. Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Бiзге алдыңғы сирағынан басқаның бәрi бұйырған екен»-дейдi.

Толығырақ ...

Биләлдің (родиял-лаһу ъанһу) соңғы сөзі

Жантәсілім халінде жатқан Биләлдің (родиял-лаһу ъанһу) жанындағы әйелі: «Бұл неткен қасірет!»-дегенде, Биләл былай деді: «Ол не дегенің? Олай деме! Керісінше: «Неткен бақ!»-деп айт. Өйткені, мен ертең мен жақсы көрген адамдармен жүздесемін. Ол: Мухаммад (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) және оның сахабалары».

 

 

 

Толығырақ ...

Рибғидің (родиял-лаһу ъанһу) байсалдылығы

Мұсылмандар мен парсылар арасындағы соғыс кезінде парсылардың патшасы Рустам мұсылмандарға елшісін жібереді. Елші бейбітшілік келісім жасасу жайында айтуы тиіс еді. Сонда мұсылмандардың қолбасшысы, Сайфул-лаһ Сағд ибн Уаққас (родиял-лаһу ъанһу) өзінің өкілі ретінде Рибғи ибн Ғамирді (родиял-лаһу ъанһу) жібереді.

Толығырақ ...