Жайдарылық жайында

Жайдары болу үшін бақытты болма, бақытты болу үшін жайдары бол.

Досыңа жайдары бол – ол сенің достығыңды сезінсін.

Дұшпаныңа жайдары бол – ол өзінің әлсіздігін сезінсін.

Сенен теріс қарағанға жайдары бол – ол сенен теріс қарағанына өкінсін.

Үнемі жайдары бол! Себебі жайдары болу – сауапты құлшылықтың бір түрі!

Толығырақ ...

Жерді жалға беру мен қарыз алудың соңы...

- Ресей кезінде Алясканы АҚШ-қа 100 жылға жалға сатқан болатын, ол жерден Ресей түпкілікті айырылды.

- Күрдістан мемлекеті кезінде жерін кепілдікке қойып қарызға ақша алған болатын. Нәтижесінде қарызын қайтара алмауы себепті Күрдістан елі мемлекет ретінде тарихтан жойылды.

- Палестина мемлекеті кезінде жер сатуды парламентке шығарып, жерді шетелдіктерге сату жайлы заң қабылдаған болатын. Сол заңның негізінде олардың жерінде қазіргі Израиль мемлекетін құрды

- Осы жуықта ғана Тәжікстан қарызы себебінен біршама жерінен айырылмады ма?...

Толығырақ ...

Жүректе ықылас болса...

Расулуллаһ (с.ғ.с.) Қадір түні жайында: «Рамазанда мың айдан да артық бір түн бар. Сол түннен мақрұм болған, барлық игіліктен мақрұм болғаны. Ал оның игілігінен тек ең бақытсыз жандар ғана мақрұм қалады»,-деген.

Расындада Қадір түнінің жақсылықтан мақрұм болған жанның бақытсыздығында қандай күмән бар? Қаншама қызметкер тиін-тебен үшін түнімен көз ілмейді. Ал сексен жылдық сауап үшін бір айдың түнін құлшылықпен өткізудің не қиындығы бар?! Ақиқатында жүрегімізде ықылас болса оның бір емес, жүз түн ұйықтамаған болар едік.

Толығырақ ...

Ықыласты құлшылықтан соң...

Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа) айтады:

قُلْتُ يَارَسُولَ اللهِ أَرَأَيْتَ إِنْ عَلِمْتُ أَيَّ لَيْلَةٍ لَيْلَةُ الْقَّدْرِ مَا أَقُولُ فِيهَا؟ قَالَ: قُولِي: اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

«Мен: «Уа, Расулуллаһ! Мен Қадір түні болғанын білсем, не деп дұға етуім керек?»,-деп сұрағанымда ол былай бұйырды: «Уа, Тәңірім! Сен кешірімдісің және кешіргенді жақсы көресің. Мені ғафу ет!»,-деп тіле».(Тирмизи)

Имам Ибн Ражәб (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазанның соңғы онкүндігініде және Қадір түніндегі құлшылықтағы ыждағаттан соң: «Уа, Тәңірім! Сен кешірімдісің және кешіргенді жақсы көресің. Мені ғафу ет!»,-деп дұға етуді бұйырды. Себебі ақиқатты таныған пенделердің құлшылықтағы ықыластан соң ең лайықты көрген амалы – өзін күнәһар көріп Хақ Тағаладан кешірім тілеу». («Ләтаифүл-мағариф»)

Толығырақ ...

Неге Рамазанда күнә істеледі?

Рамазан айында Хақ Тағаланың рахметі молайып, құлшылықтың көбеюіне байланысты шайтандар адамдарды азғырғанға барынша күш салу керек еді. Алайда Рамазан айында күнә азаятыны – ақиқат.

Оразада «ерекше бүлікші шайтандар» кісенделеді. Дегенмен қандай болғанда да күнә істеледі. Өйткені шайтанмен жыл бойы қоян-қолтық араласу нәтижесінде нәпсі күнә істеуге әдеттенеді. Нәтижеде адам біреуді ғайбаттауды күнә емес, әдет деп түсінеді. Осы себептен күнә істеп қалыптасып қалғандар Рамазанның уақытында да күнә істейді. Ал нәпсі – адамның ажырамас бөлігі. Мұның да әсерін ескерген жөн.

Рамазан айында күнә істелудің тағы бір себебі бар. Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Күнә істеген шақта адамның жүрегіне бір қара дақ түседі. Егер адам тәубесіне келсе, ол дақ өшіріледі. Болмаса дақ болып тұра береді. Басқа бір күнә істесе, тағы бір нүкте пайда болады. Осылай жүрек қарайып кеткенге дейін жалғаса береді. Нәтижеде мұндай жүрекке жақсылық дарымайды»,-деген. Мұндай жағдайда жүрек күнә істегенге бейім болады. Осы себептен көп адам күнәні ойланбай істейді. Бірақ басқа бір күнәға тап болса, одан жеркенеді.

Рамазаннан тыс уақытта жүрек күнә істеу себебінен қараяды. Нәтижеде мұндай адам Рамазан айында күнә істеуі үшін шайтанның да керегі болмай қалады.

Толығырақ ...