Оразада сәресіге ұйықтап қалса не істеу керек?

Оразада сәресіге ұйықтап қалса не істеу керек?

Оразада сәресіге ұйықтап қалса не істеу керек? Көпшіліктің бұл сауалына Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы жауап береді деп хабарлайды NUR.KZ.

Егер ораза ұстауға ниет етіп, сәресіге ұйықтап қалса, ештеңе ішіп жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Сәресі ішу – парыз емес. Бірақ, сәресінді жіберіп алмауға тырысқан жөн.

Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресінде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресінді тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешірім тілейді делінген.

Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады.

Осы тұста сәресі ішудің хикметіне мынадай бір мысалды келтірсек.

Сіз қаншалықты ұйқыны ұнатсаңыз да, ешбір нәрсенің ұйқыңызды бөле алмайтынын білсеңіз де, өте жақсы көретін, өте құрметті бір қонағыңыз түннің бір уағында қалаңызға немесе үйіңізге келмекші болса, кеш болса да тұрып, бүкіл отбасыңызды да оятарыңыз сөзсіз.

Ол маңызды қонақты жақсылап күтіп аласыз. Оны дұрыстап күтпеген жағдайда бұл іс әрекетіңіздің ұят боларын, ғапылдық боларын да білесіз. Міне, дәл осылайша сәресі уақыты - ертеңгі күні келетін рамазан күнін қарсы алу, қонақ ету дегенге саяды. 

Сәресі уақыты Рамазанды ең бас қонақ ретінде қарсы алумен тең. Сәресі - құрмет деген сөз, сәресі - шын берілгендік деген сөз, сәресі - береке деген сөз.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға