Ауыз ашуға асығудың артықшылығы

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ أَحَبُّ عِبَادِي الْيَ أَعْجَلُهُمْ فِطْراً
«Хақ Тағала айтады: «Менің ең жақсы көретін құлдарым–ауыз ашуға асығатындары».
Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Тирмизи, Имам Ахмад және Имам Ибн Хиббан риуаят етті.
Себебі бұл сүннетке сай. Имам Әл-Қари: «Бұл хадиске амал ету Жаратушы Иенің сүйіспеншілігін нәсіп етеді»,-деген. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)
Имам Науауи (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Бұл хадисте күн батқаннан кейін ауыз ашуға асығуға ынталандыру бар. Хадистің мағынасы: осы сүннетті ұстанумен үммет ісі тәртіптен ауытқымайды. Ал егер күн батқаннан кейін ауыз ашуды кешіктірсе – пасықтыққа ұрынғаны».