Оразада COCA COLA ішпеңіз!

Оразада COCA COLA ішпеңіз!

04.01.2017 жылы muslim.kz сайтында «COCA-COLA ІШКЕННЕН КЕЙІН АҒЗАДА БОЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР» атты мақала жарияланды. Онда былай делінген: «Бұл сусын төңірегінде туындаған даудың толастар түрі жоқ. Біреулер харам дейді, біреулер ішуге болады деп ақталып жатады. Дегенмен, медицина мамандары дайындаған мына бір мәліметтер көп жайтты аңғартатыны анық.

10 минуттан соң. Коламен бірге ағзаңызға 10 шай қасық қант түсті. Алайда, сіз жүрек айнығанын сезінбейсіз, себебі коладағы фосфор қышқылы қанттың күшін жояды.

20 минуттан соң. Қандағы инсулин көлемі «секіруде». Бауыр бар қантты майға айналдырады.

40 минуттан соң. Сіз кофеинді «жеп болдыңыз». Енді көз алмасы ұлғаяды, қан қысымы жоғарылайды, себебі бауыр қанға қантты «лақтыруда».

45 минуттан соң. Ағзаңыз дофамин гормонын (мидың рахаттану процесіне жауапты гормон) шамадан тыс бөлуде. Бұл героинді тұтынғандағы әсермен бірдей.

1 сағаттан соң. Фосфор қышқылы ішекте кальций, магний мен мырышты байланыстыруда, ал олар метаболизмді жылдамдатады.

1 сағаттан көбірек уақыт өткенде. Сүйектеріңіздегі (сүйекке қажетті) кальций, магний, мырыш, натрий мен су қуық арқылы жиі шығарылады.

1 жарым сағаттан соң. Ашуланшақ әрі сылбыр күйге түсесіз». 

Осыдан соң сізге айтарымыз – Оразада COCA COLA ішпеңіз!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға