Артық салмақ тастауда таптырмас тағам түрі

Артық салмақ тастауда таптырмас тағам түрі

2008 жылы ғалымдар зерттеу жүргізе отырып, артық салмақ тастауда таптырмас тағам түрін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, майлы тағамдардан бас тартып, күнделікті жұмыртқа жеп жүру - артық салмақтан арылудың бірден бір жолы.

Әр таңғы асыңызды пісірлген жұмыртқаны жеуден бастасаңыз, бұл күн ұзаққа тоқ жүруге септік болады екен.

Тағы оқыңыздар: "Махаббатқа шөлдеп жүрген" қостанайлық қаңғыбас көшедегі балалы келіншекке тиіскен

Қарныңыз ашқанын сезінсеңіз, жұмыртқаны пісіріп жеп алыңыз. Жұмыртқа жақсы әл береді және калориясы да аз. Алайда тек қана жұмыртқамен тамақтанамын деп, денсаулығыңызды құртып жүрмеңіз. Арасында пайдалы көкөністер мен жемістерді де жеп тұру керек.

Кеңес: Бір жұмыртқа мен бір алмада 160 калорий болады. Олар сіздің өзге денсаулыққа зиян ауыр тағамдардан аулақ болуыңызға жақсы көмектеседі. 

«Нұротау» сайт редакциясынан: дегенмен, оразадан асқан диета жоқ. Артық салмақтан сақтанғыңыз келсе, онда қасиетті Рамазан айында, әр аптаның дүйсенбі мен бейсенбісінде және әр айдың айы толған күндері (жаңа ай туғаннан кейін 13, 14, 15 күндері) ауыз бекітіңіз. Осы жағдай асқазаныңыз кеңеймей бір қалыпта болуына ықпал етеді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға