Белгілі ғалым уаһһабизмге қатысты ойын айтты

NUR.KZ.-тың хабарлауынша белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов елімізге өз заңдарын орната бастаған уахабизмге қатысты ойларын білдіріп, олардың көзін құрпаса болмайды деген ойын жеткізді. Бұл туралы ғалым Алматы телеарнасының "Өткір тіл" бағдарламасында айтты.

Ғалымның айтуынша, біз бұл ілімнің көзін құртпайынша, елімізге үлкен қауіп төніп тұр.

Мекемтас Мырзахметовтың айтуынша: «Уахабистерді жоймай болмайды, егер жоймасақ, олар бізді жояды. Оған мен түсінбейтін бір кедергілер бар. Олар қауіпсіздік органдарында да, депутаттардың арасында да отыр. Мен білгенді тиісті орындар білмей ме? Бәрі сол ақшаға байланысты ғой. Оның бәрі дін үшін жасалып жүрген жоқ, ақша үшін жасап жүр». 

«Байтұрсынов: «Дінін шаншып істікке, әркім бір жем іздеп жүр» дейді. Неге біздің өнерпаздарымыз дінін сатты? Бірі жаңа пайғамбар шығармақшы, бірі кришнаны әкелмекші, енді бірі уахабизммен айналысады, не құдай ұрды бұларды?»

Толығырақ ...

Түркияда әскери әйелдердің хиджаб киюіне ресми түрде рұқсат берілді

Түркия мемлекетінің әскер сапындағы әйелдер қауымы үшін енді жұмыс орнына орамал тартып келуге еш кедергі жоқ деп хабарлайды Muslim.kz.

Бұған дейін хиджаб Түркия полицейлерінің униформасына енгізілген болатын. Енді әскердегі әйелдерге де жеңілдік жасалып отыр.

Дегенмен, кейбір шарттары да бар. Орамалдың түсі униформаға сәйкес келуі керек және бас киімнің ішінде болуы тиіс. Бет ашық тұруы қажет. 

Айта кетейік, 2017 жылдың басында хиджаб және тюрбан америка полицейлерінің де ресми формасының қатарына қосылған болатын.

Толығырақ ...

Неміс ұлтының өкілі: Нағыз ұлы халық – қазақтар

Қазақстанда туып-өскен неміс ұлтының өкілі қазақтарға алғыс айтқан видеосын ғаламторға жариялады. Қазір оны әлеуметтік желі қолданушылары бірінен бірі алып, кеңінен таратып жатыр.

Видео авторы Ресей мен Украинадағы қандастарын да көргенін айтады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Оның ойынша, солардың арасында ең мейірімдісі, ең қонақжайы Қазақстандағы немістер екен. Өйткені олар осындай жақсы қасиеттердің бәрін қазақтардан үйренген.

«Қазақтар біздің жер аударылып келген ата-бабаларымызға қамқор болды, нанын бөліп берді. Анау чешендерден, татарлардан, Балтық елдерінің өкілдерінен сұрап көріңіз. Кезінде Қазақстанға депортацияланған өзге ұлттардың 90 пайызы аман қалған. Кеңес одағының сарбаздары оларды азап лагерьлеріне жіберді. Ал қазақтар солардың балаларын бағып-қақты. Біз осының арқасында аман қалдық. Бірақ қазақтар ешқашан осындай ұлы халықпыз деп кеудесін соққан жоқ. Олар ресейліктер сияқты емес. Қазақстанда туып-өскен бір досым Ресейге көшіп барған ғой. Сөйтсе, оған жергілікті тұрғындар күн көрсетпей қойыпты. Балаларына тиісіп, ақыр аяғында үйін өртеп тынған. Сөйте тұра ондағылар өздерін ұлы халық санайды, ал қазақтарға мұрын шүйіре қарайды. Жоқ. Меніңше, нағыз ұлы халық – қазақтар» деп ағынан жарылады неміс ұлтының өкілі.

 

qazaquni.kz

Толығырақ ...

Африкада зорлаушыларды осылай жазалау ұсынылды

Зорлау – Африкада кеңінен орын алып жатқан қылмыстардың бірі. Ресми деректерге қарағанда онда жыл сайын 100 мыңдаған әйел зорланады екен. Көпшіліктің айтуынша мұндай сұмдыққа тіпті полицияның өзі әлсіз.

Осы жағдайды ескере отырып бір тапқыш әйел африкалық әйелдерге жатырына девайс (ішкі жағында тіс-ілгектері бар қалташа) салып жүруін ұсынып жатыр. Девайсқа тұтылып қалған зорлаушының мүшесін шығару дәрігерлер үшін тым машақатты. Тапқыш әйелдің айтуынша олар зорлаушының мүшесін шығарумен бас әлек болып жатқан аралықта полиция да жетіп келеді-мыс. 

Айта кету керек бұл жаңалықты қолдаушылары көп болумен қатар оған қарсы болушыдар да аз емес.

Толығырақ ...

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр

Соңғы кездері отандық актрисалар мен актерлер бейнеклиптерде өз сезімін ашық көрсетіп, сексуалды кейіпте өнер көрсетуден қашпайтын болған. Бұл көрермендер тарапынан түрлі сынның айтылуына себеп болып отыр. NUR.KZ порталы қазақ экранындағы сексуалды сипаттағы бейнеябандардың тарихына тоқталыпты.

2000 жылдардың басында отандық телеэкрандарда түрлі жаңа топтар пайда бола бастады. Оларды атап көрсетудің өзі ұятты іс. 

Аятайын дегеніміз: неге ата салт дәстүріне сай басын жауып, ұзын етек көйлек киген қыздарымызға тиісушілер атақ пен ақша үшін көпшіліктің алдына жалаңаш шығудан арланбайтындарға және азаннан кешке дейін ұятсыз бейнероликтерді айналдырған телеарналарға үндемейді?

Толығырақ ...

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы мұсылман болатынын айтты

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт өзінің ислам дінін қабылдайтынын айтты. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

«Мен католик христан ретінде өстім. Кейін Епископалды шіркеуге бардым. Содан соң отбасымның иудей сеніміндегі адамдар екенін білдім. Енді Ислам дінін қабыдамақшымын»,-деп жазды Олбрайт.

Бұрынғы мемлекеттік хатшының айтуынша, АҚШ кез келген дінді ұстануға мүмкіндік беретін ел ретінде қалуы керек. 

Бұған дейін президент Дональд Трамптың Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан, Сирия мен Йемен азаматтарының елге кіруін шектейтіні туралы хабарланған еді.

Толығырақ ...