Имам: Оразаны тек арықтау үшін ұстау өрескел қате

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы оразаның пайдасы мен ерекшеліктерін атап берді деп жазады aktobenews.kz.

Оразаның пайдасы

Дініміз Исламның бес парызының бірі – Рамазан айында ораза ұстау.

Біз оразаны қандайда бір материалдық пайданы күйттеп, немесе тек қана денсаулығымыздың жақсаруы үшін ұстамаймыз. Ең әуелі Алланың әмірі болғандығы үшін және Оның разылығына бөлену үшін ұстаймыз.  Ораза осы ниетпен ұсталғанда ғана қабыл болмақ.

Ораза күнәлардан тазартады

Ораза — нәпсінің (эго) тойымсыздығынан туындайтын азғындықтан, оның жаманшылығынан сақтайтын және күнәларымыздың кешірілуіне бірден-бір себепкер болатын маңызды құлшылықтың түрі.

Тозақ — кәпірлердің һәм күнәһарлардың мекені екендігі белгілі. Олай болса, Алланың разылығын күйттеп ораза ұстаған пенде, Алланың қалауымен тозақтан аман қалып, жәннатқа кіреді.

Ораза — денсаулық кепілі

Алла Тағала адамзатқа зиянды нәрселерді әмір етпейтіндігі бесенеден белгілі. Осыдан 14 ғасыр бұрын ардақты Пайғамбарымыз: «Ораза ұстаңдар, денсаулықтарың жақсы болады» деген болатын. Қазір тіпті мұсылман емес медицина саласының ғалымдары да осы бір ақиқатты мойындап, адамдарды ашығу жолдарымен емдеу үшін сан түрлі клиникалар ашуда. Бұл  ораза ұстаудың қаншалықты денсаулыққа пайдалы екендігін көрсетеді. Ораза, яғни ашығу қант ауруына тосқауыл болып, қанның қоюлануының алдын алады. Ашығу арқылы жаңа жасушалар пайда болып, ескілері жойылады. 

Алайда, кейбір мұсылмандар өрескел қателікке барып, оразаны тек арықтау үшін немесе денсаулығым жақсарсын деп ұстауы дұрыс емес. Неге о бастан ниетіңізді түзеп, жалғыз Алланың разылы үшін, парыз болғандығы үшін деп ораза ұстамасқа. Сонда Алланың разылығын да алады, деннің саулығы да сақталады.

Толығырақ ...

Оразада сәресіге ұйықтап қалса не істеу керек?

Оразада сәресіге ұйықтап қалса не істеу керек? Көпшіліктің бұл сауалына Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы жауап береді деп хабарлайды NUR.KZ.

Егер ораза ұстауға ниет етіп, сәресіге ұйықтап қалса, ештеңе ішіп жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Сәресі ішу – парыз емес. Бірақ, сәресінді жіберіп алмауға тырысқан жөн.

Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресінде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресінді тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешірім тілейді делінген.

Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады.

Осы тұста сәресі ішудің хикметіне мынадай бір мысалды келтірсек.

Сіз қаншалықты ұйқыны ұнатсаңыз да, ешбір нәрсенің ұйқыңызды бөле алмайтынын білсеңіз де, өте жақсы көретін, өте құрметті бір қонағыңыз түннің бір уағында қалаңызға немесе үйіңізге келмекші болса, кеш болса да тұрып, бүкіл отбасыңызды да оятарыңыз сөзсіз.

Ол маңызды қонақты жақсылап күтіп аласыз. Оны дұрыстап күтпеген жағдайда бұл іс әрекетіңіздің ұят боларын, ғапылдық боларын да білесіз. Міне, дәл осылайша сәресі уақыты - ертеңгі күні келетін рамазан күнін қарсы алу, қонақ ету дегенге саяды. 

Сәресі уақыты Рамазанды ең бас қонақ ретінде қарсы алумен тең. Сәресі - құрмет деген сөз, сәресі - шын берілгендік деген сөз, сәресі - береке деген сөз.

Толығырақ ...

Ғалымдар намаздың денсаулыққа тағы бір пайдасын тапты

Мұндай тұжырым «Адамның цифрлық моделін қолдана отырып, мұсылмандардың құлшылық ету кезіндегі дене қимылдарын анатомиялық зерттеу» деген ғылыми еңбектен табылған. Зерттеу барысында намаз кезіндегі адамдардың әр қалыптағы қимылдарының компьтерлік моделдері мен олардың арқаға әсері тексерілген.

Намазда сәждеге жығылу – буындардың икемділігін арттырады деп тұжырымдаған ғалымдар. Аталмыш қимылды мезгілімен бес рет қайталап тұру сәжденің пайдасын арттыра түспек. Осы зерттеумен айналысқан профессор Хасавни денсаулықтың әлеуметтік-экономикалық, діни фактормен және өмір сүру салтымен тығыз байланысты екенін атап өткен.

Оның айтуынша: «Сәждеге жығылу кезінде жасалатын іс-қимыл, арқаны емдеу кезінде қолданатын йога мен физиотерапиядағы қалыпқа ұқсас».

Бұдан бөлек, намаздың күйзеліс пен денеге түсетін күшті жеңілдететін мүмкіндігі бар, сондықтан да адамның жүйке жүйесін тиімді емдейтіні зерттеу барысында белгілі болған.

Сондай-ақ, сәжде – адамның денесінен шығатын электромагнитті сәулеленуді басудың ең жақсы тәсілі. Сәжде жасау кезінде жердің гравитациясы адам денесіндегі барлық зиянды сәулелер мен толқындарды өзіне тартып алатынын ғалымдар дәлелдеген. 

Мұсылман үшін сәждеге жығылу – оның мойнындағы парызы, оның Жаратушыға деген разылығы мен мойынсұнушылығы. Ол сәжде жасаудан өзіне бір пайда іздемейді, ол тек Алла Тағаланың разылығында болуға тырысады, бірақ сонымен қатар, құлшылық жасау арқылы қуанышқа кенеледі, жарастық алады әрі денсаулығын түзейді.

Толығырақ ...

Оқушыларды күйеуінен ажырасқандар тәрбиелеп жүр

Ақтөбеде зиялы қауым өкілдерінің алдында сөз сөйлеген қоғам қайраткері Амангелді Айталы қоғамның басты проблемасын өткір көтерді. Ол мектептегі мұғалімдердің 40 пайызы күйеуінен ажырасқанын тілге тиек етті. Бұл туралы  NUR.KZ хабарлады. 

 Амангелді Айталы əкесіз өсіп келе жатқан балаларды күйеуімен сыйыспаған мұғалімдердің тəрбиелеп жатқанына алаңдайтынын айтты.

«Маған бір мектептің директоры: «Менің оқушыларымның 45 пайызының əкесі жоқ, ажырасқан отбасынан. Ол баланың психологиясы əке-шешесі бар баланың отбасындай тұрақты емес.  Менің мұғалімдерімнің дені -əйелдер. Оның 40 пайызы байынан айырылған. Анау да жынды əкесі жоқ, мынау да жынды байы жоқ. Сыныпта шарт-шұрт талас» деп айтты. Бұл — шындық», — деді қоғам қайраткері.

Жастар тəрбиесіне зиялы қауымның көңіл аударуына қатысты өткен кездесуде барын бағалай білмейтін жастар легіне қатысты да  Айталының айтары болды.

«Біз тұтынушы қоғам құрдық. Дүниеқор, ақша алдына шыққан, рухани құндылықтардан кейін қалған қоғам. Социолистік қоғамда не нəрсеге де зəру болдық. Біздің анаған, мынаған қолымыз жетпеді. Мына заман келді. Бəріне қолымыз жетті. Тəрбие мен рухани құндылық кейінге қалды»,-деді Амангелді Айталы.

Қоғам қайраткері дүниеқор заманда адам капиталының ұмыт қалғанын айтты. 

«Бүгін өте қиын заман. Ұрпақ алмасады. Біз 40 жасқа дейінгі жастардың пікірін көп білмейміз. Тəуелсіздік алған кезде 13-14 жаста болған жастар бөлектеу. Олармен жұмыс жасау күрделі. Баяғы стандарт келмейді», — деді Амангелді Айталы.

Толығырақ ...

«Халал» дегеннен күмәнданатын болдық!

15 наурыз күнгі informburo.kz кезекті хабарламасында "Казгру-Холдинг"-ке «халал» белгісі бар "Особая мусульманская", "Конская" и "Сервелат Халал" шұжық құрамында доңыз майы болу себебінен айып пұл салынды деген.

Айта кету керек, бұл әлейметтік желідегі осы тақырыптағы жалғыз хабар емес. Демек... Демек бұл – адал мен арамның парқын ойлаған мұсылмандар шұжық мәселесінде өте мұқият болатын уақыт жетті деген сөз.

Жалпы «халал» бренд модаға айналды десек қателескен болмаймыз. Клиентураның санын молайтуын көздеген саудагерлер қандай қиянатқа бармайды десеңші?! Соның бір көрінісі – «халал» белгісін жамылып құрамында доңыз майы бар шұжық өндіріп шығару. «Халал» деген тауығы тағы бар. 

Сонда біз не істеуіміз керек? Шұжық пен тауық етін жемей жүреміз бе? Әрине! Құдайға шүкір, елімізде қазір молшылық заманы. Дәл сол күмәнді колбаса мен тауықтан өзге қанша ма азық түрі бар. Соны жесек те өлмеспіз!

Толығырақ ...

Қоғамның зымиян бетпердесі тағыда ашылды

Лада басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.«Жаңаөзенде "үйленген" 14 жастағы жеткіншектердің суреті желіні шулатты» атты ақпарат жариялады.

Ақпаратқа қарағанда үйленген екі жас некелерін заңды түрде тіркемеген.

Бұл ақпарат рас не өтірік болар. Дегенмен... Дегенмен бұл жерде ерекше назар аударар мәселе – «14 жастағы үйленген жеткіншектердің суреті желіні шулатқаны».

Мейлі, 14 жасында болса да некелесіп арадағы қатынасты адал етіпті. Осы да айып болыпты ма? Некесіз қосылып некесіз бала тауып жатқаннан гөрі некелесіп Алла Тағаланың да, елдің алдында да абыройлы болғаны артық емес пе?!

Қазақ қыздары 14 жасында некесіз қатынасқа барып абыройынан айырылып жатса – үндемейміз. Некесіз бала тауып жатса – үндемейміз. Жезөкшелікпен айналысып жатса да – үндемейміз. Діни талапқа сай некелесіп отау құрып жатса – дүрлігіп шулаймыз. 

Бұл жағдайға қатысты «қоғамның зымиян бетпердесі тағыда ашылды» дегеннен өзге айтарым жоқ!

Толығырақ ...